Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі
Жаратылыстану пәнінен ашық сабаққа
АНЫҚТАМА
Күні: 12.12.2024 Сынып: 6 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 6.3.3.4 Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өндеудің ірі орталықтарын атау және көрсету
Пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтарының атауын біледі және оларды тұрмыста қолдана алады.
*Пайдалы қазбалардың түрін ажырата алады.
*Ескерту – ЕББҚ бар оқушыны қоса (ақыл-ойында жеңіл бұзылу бар)
Ашық сабаққа 6 оқушы қатысты. Оқушыларды екі топқа бөлдім, топпен жұмыс және жеке жұмыстар берілді. Ашық сабақ барысында оқушылар картамен жұмыс жасау арқылы Қазақстандаға пайдалы қазбалардың кен орындарын анықтап, олардың шаруашылықтағы қолдану аясын түсіндірді. Сабаққа Жәнібекқызы Айдана және Дәуребекқызы Бибәтима атты оқушылар белсене қатысты. Жалпы ашық сабағым жақсы өтті деп айта аламын және ашық сабақта қойылған мақсаттарға қол жеткіздім деп ойлаймын.