Текст
Ынтымақ ауылының ЖОББМ
Кәсіптік бағдар бойынша жүргізілген жұмыс анықтамасы
Бүгін науырыз айының 6-сы күні мектебімізге «Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжі» мамандарының қатысуымен 9 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесу барысында «Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжі» колледжде оқытылатын мамандықтар жайлы айтылды. Негізгі оқытылатын бес мамандықтың қазіргі таңда қандай сұранысқа ие екенін де тілге тиек етті. Оқу орнына түсу емтихансыз. Жақсы оқыған студенттерге ай сайын жәржемақы және жылына екі рет жолақысы беріледі. Жататын жатақханасы мен тамағы тегін. Жалпы колледжде бес мамандық оқытылады. Оқуға түсу үшін білім туралы құжат, медициналық анықтама, туу туралы куәлік және 4 дана сурет керек.