Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушыларды 1 сыныпқа қабылдау туралы ақпарат

   

Құрметті ата-аналар назарына!

Егер балаңыз биыл мектеп табалдырығын аттайтын болса, онда асығыңыз. Биыл 1-сыныпқа қабылдау 1-сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкімет - egov.kz веб порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа Ынтымақ ауылы бойынша 11 бала барады деп күтілуде. Былтырғы оқу жылынан биылғы оқу жылындағы 1-сыныпқа қабылдаудың басты айырмашылығы - Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөнінде 2024 жылдың 23 ақпанында қабылданған заңға сәйкес лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тиым салатын ереже енгізілді. Барлық балалар дайындық деңгейіне қарамастан тең мүмкіндікке ие бола алады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған.

- Мектепке құжаттар электрондық үкіметтің https://egov.kz/ веб-порталы арқылы тапсыра алады. 

- Балалар бірінші класқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. 

- Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты 

- баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек.


Текст