Құрметті ұстаздық жолдың еңбек ардагерлері!
«Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін ол ең алдымен — мұғалім. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп, саналы ғұмырын ұрпаққа арнаған ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұлағатты ұстаздар, алғыс білдіреміз»,- деді өз құттықтауында мектеп директоры.
Салтанатты іс- шарада Хадиша Таубағұлқызы ұзақ жылдар бойы білім саласында абыройлы еңбек етіп, шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздарға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бейсембаевтың «Алғыс хатымен» марапаттап, гүл шоқтарын ұсынды.
Осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық етпейді. Білім беру жүйесінде жаңарту шарттарын ұстанып, жаңаша ізденістермен жұмыс атқарып келе жатқан ізденімпаз ұстаздарымызды әркез мақтан етеміз. Ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап жүрген ұстаз еңбегі мемлекет және қоғам тарапынан шынайы құрметке лайық. Адамзаттың көңіліне сәуле ұялатқан абыройлы еңбектеріңіз жемісті болып, мәртебелеріңіз биіктей берсін.
Әнмен өріліп, бимен көмкерілген салтанаттың жиынның соңында ардагер ұстаз Волкова Светлана Николаевна және Нурсолтан Хурмет ақсақал ағалық алғысын жаудырды.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Дүйсенова А. К.