Мектебімізде МІБ жоспарына сай бастауыс сынып оқушыларынан ай сайын оқу жылдамдығы алынады. Кезекті бақылау 4 «а» сынып оқушыларының оқу жылдамдығын анықтауға түсті. Сыныпта барлығы 16 оқушы бар. 2023-2024 оқу жылынан бері 6 рет оқу жылдамдығы алынды. 75 пайыз білім алушылардың оқуда жақсарғаны анықталды. Төрт оқушыда ғана мәтінді оқуда қиыншылықтар бар.
06.02.2024 күні кезекті оқу жылдамдығы алынды. Оқу жылдамдығын алған соң сынып оқушыларымен түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Мәтінді оқу барысында әріптер мен тыныс белгілеріне мән беріп, сөздерді дұрыс оқу, сөйлемді түсініп оқу туралы мәлімет берілді.
Сынып жетекшісі: Жакенова Ж. А.
Оқу ісінің меңгерушісі: Хурмет Д.