«Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Мектебімізде ағымдағы жылдың 8-ші сәуір күні «М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясы» АҚ Ақмола колледжі» ЖШС мамандары келіп 9,11 сынып оқушыларымен профориентация бойынша жұмыстар жүргізді. Колледждің басым жақтарын атап өтіп, шәкіртақы және басқа да жеңілдіктер туралы айтты. Оқытылатын негізгі мамандықтарға шолу жасады. Колледж түлектерінің 95% бір жылдың ішінде Қазақстандық компанияларға жұмысқа орналасады. Студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік пакет қарастырылған. Сонымен қатар колледжде қысқа мерзімді курстар бар. Мамандар оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімімен таныстырып, оқушыларға жадынама үлестңрді. Оқушылар колледж туралы сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.