Апталықтың мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндеру. Балаларды көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту. қушылардың оқу мәдениеті мен белсінділігін арттыру, кітап оқу үрдісін жаңғырту,оның ішінде балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқуды дамыту.
Жүргізілген шаралар: « Кітап көрмесі » Бұнда ертегі кітаптар мен жазушылардың шығармалары және Бердібек Соқпақбаев туралы мәліметтер шығармалары қойылды.
Апталық барысында 9-11 сыныптар арасында « Болашақта кім боламын » тақырыбына эссе жазу тапсырмасы берілді. Мұнда тек ғана 9 сынып оқушысы Отарбай Жанбота өз шығармасы мен бөлісті.
«Ертегілер әлемі» сұрақ- жауап сайысы 1-2 сыныптар жүргізілді.Сайыс
І- Тапқыр болсаң тауып көр!
ІІ- Біліміңді сынап көр!
ІІІ- Зерек болсаң зерделі атты 3 кезеңнен құралды
Бұнда логикалық және ертегі кейіпкерлері, мақал-мәтел, жұмбақтар құрастырылды барлық оқушылар бесенді қатысты.
«Кел, бірге оқиық!» кітап оқу сағаты яғни өзі оқыған кітапты келесі адамға ұсыну.
4 сыныпта «Минутқа оқып жарысайық » оқу сағатты жүргізілді.
3 сынып апта бойы үзіліс арасында кітапханада кітап оқу сағаттарын ұтымды пайдаланды.
5 сыныптар арасында « Бердібек Соқпақбаев» туралы және логикалық тапсырмалар сайысы ұйымдастырылды.
Сайыста оқушылар белсенді қатысып Бердібек Соқпақбаев ақынның шығармалы соның ішінде « Менің атым Қожа » фильміндегі кейіпкерлерді естеріне түсірді.
Апталық барысында оқуылардың үйге кітап алып оқы және сабақ арасында кітапхана келіп кітаптармен танысуы біршама молайды.
Кітапханашы: Шерикбай Ж.