Ынтымақ ауылы жалпы орта білім беретін мектебі
«Рақмет саған Әліппе!»
тақырыбымен өткізілген тәрбие сағатына
АНЫҚТАМА
2022-2023 оқу жылының 20 қаңтар күні 1 «А» сынып оқушыларымен «Рақмет саған Әліппе!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Бұл оқушылардың Мектепке алғаш қадам тастаған күннен алған білімін, өз өнерлерін ата – аналары және ұстаздарына арнады.
Тәрбие сағатының мақсаты Сауатты болуға тәрбиелеу, Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.
Тәрбие сағаты мына жоспармен өтілді
1. Шаттық шеңбері ( оқушылар тілегі)
2. Сұрақ-жауап
3. «Әліппе кезеңі» бейнеоролигі
4. «Менің Әліппем» (презентация)
5. «Бақытты балалық шақ» бейнеоролигі
6.«Рақмет саған, Әліппе» тақпақтар
7. «Озат оқушы боламын» (ән)
8. «Менің жетістіктерім» (қорытынды)
««Әліппе кезеңі» қалай өтті? Қалай ойлайсыңдар?» - деген сұрақтарға оқушылар бір – бір жауаппен өз ойларын жеткізді, сол туралы түсінігін толық меңгерді.
«Әліппе кезеңі» бейнеролигін тамашалап, өз ойларынмен бөлісті. Әр оқушы өзі дайындап, жаттап келген жүрек жарды өлең шумақтарын әсерлі жеткізе білді.
«Мектепке барғым келеді» бейнеролигін көрді, балалар мемлекетімізде білім алу тегін және құқығымыз бар екені, және бұл біздің міндет екенін түсініп, өз пікірлерімен бөлісті.
Осы аталған іс-шаралардың барлығы орындалып, нәтижесінде бақытты болудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін түсінді.