Текст
06.10.2025
Бүгін Целиноград ауданы Талапкер ауылының мектеп-гимназиясында шығармашыл балалардың аудандық «Ақберен» байқауы болды. Оған мектебімізден 3 номинация бойынша 8, 9, 10 сыныптан 3 оқушы қатысты.
Байқау нәтижесі бойынша 8 сынып оқушысы Әскербекұлы Олжас «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды.
«Ээсе» номинациясы бойынша 9 сынып оқушысы Искендирова Дильназ сертификатпен марапатталды.
Ал «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша қатысқан 10 сынып оқушысы Отарбай Жанбота 3 орынға ие болды.
Оқушыларға және оларды дайындаған мұғалімдерге шығармашылық табыстар тілейміз.