Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлемнің ғажайып үш тірегі» тақырыбындағы математика информатика және физика пәндері апталығының есебі

 

«Әлемнің ғажайып үш тірегі»

тақырыбындағы  математика информатика және физика пәндері апталығының есебі

21–25 қараша 2022 жыл

Апталықтың мақсаты: Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға  қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан- жақты жетілдіру.

Міндеті:

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXІ -ғасырда алатын  орынын бағалауына білімге деген қажеттілікті  саналы түрде түсінуіне жол ашу.
  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу.
  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату. 

Қараша  айының 21 – 25 арасында жоспарланға МИФ апталығы жоспар бойынша өз уақытында жоғары деңгейде өтті. Аптада атқарылған іс- шараларға жеке-жеке тоқталып өтейін.

Дүйсенбі: 21.11.22

Бүгін апталықтың ашылуы болып, оқушыларға апталық жоспары таныстырылды. Апталықтың бірінші күні "Жәрмеңке" өткізілді. Оқушылар ұзақ үзіліс уақытында сұрақтарға жауап берді және әр түрлі есептер шығарып дұрыс есептері үшін  сыйлық алды. Жәрмеңкеде оқушылар өте белсенді түрде ат салысты.

Сейсенбі: 22.11.22

Физика пәні мұғалімі Депу. Б «Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы» атты ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

«Құрастырма» шығармашылық жұмыс

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. 

Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдау ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. 

Бізде осы апталық жоспарымызға осы оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында құрастырма жұмыстарын қостық. Нәтижесінде қолдарына берілген әр түрлі ұсақ фигуралардан Мадет Аян зымыран және үй, Атшыбай Ризагул алтыбұрышты көпжақты, Дилназбен Ақбота бірлесе отырып үй құрастырып шықты.

Сәрсенбі: 23.11.22

Тіл әліпбиі. Синтаксис» тақырыбындағы ашық сабақ 6 «А» сыныбында  информатика кабинетінде компьютер қолдана отырып python бағдарламасы бойынша  тапсырмаларын орындатты. Оқушылар жаңа программалау тілімен танысып,тапсырмалар орындады.

Оқушыла  компьютерде практикалық тапсырмаларды орындады және CD дискте жаңа білімдерін тексерді. Пән мұғалімі: Болатов А.

Бейсенбі: 24.11.22

«Білімді ұрпақ жарқын болашақ»

Интеллектуальды сайыс Жусупова Зауреш Даулетбековна5-6 «А» сыныптар арасында жарыс түрінде ұымдастырды. Сыныптан тыс іс -шара өте жоғары деңгейде өтті. Тапсырмалар математика бағдарламасынан жәнелогикалық сұрақтарданда құрастырылған. Оқушылар сыныптары бойынша екі топқа бөлініп өз ара жарыса отырып белсене қатысты. Нәтижесінде 5 «А» І- орын 6 «А» ІІ- орынға ие болды.

 «Авторлық бағдарламалар дайындау»  

Оқушыға білім беру бағдарламасы балалардың ойлана білуіне, өз білімдерін нақты жағдайларда қолдана білуіне, әртүрлі ақпарат көздерімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларына ие болуына бағытталған. Осыған байланысты оқу бағдарламаларында екі компонент қарастырылған: инвариантты және вариативті. Вариативті бөлімде мұғалімдердің элективті курстар бойынша авторлық бағдарламалар құруға мүмкіндігі бар.      Біріншіден, авторлық бағдарлама-мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші. Бұл оның көзқарасы және оқу мақсаттары мен міндеттерін шешу жолдары.

Ынтымақ ауылының жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері үшін "авторлық бағдарламаны ұйымдастыру"оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарды физика және математика пәнінің мұғалімі Г. Б. Жүсіпова ұйымдастырып, өткізді.:

1. Кіріспе

2. "Жас оюшы" авторлық бағдарламасының үлгісі, тәжірибе алмасу - Көркем еңбек мұғалімі А. К. Жүсіповтың сөз сөйлеуі.

3. "Жаратылыстану әлемі" мысалында авторлық бағдарламамен жұмыс істеу бойынша ұсынымдар-бастауыш сынып мұғалімі А. Ашимнің сөз сөйлеуі.

4. Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар, республикалық семинар бойынша презентация – физика және математика мұғалімі Г. Б. Жүсіпованың сөз сөйлеуі.

Семинарда тәжірибелі мұғалімдер .Жүсіпов А. К, Жүсіпова Г.Б, Ашим А. өздерінің авторлық бағдарламаларын жасау, сынақтан өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімнің материалы қызықты және мазмұнды болды, презентацияларды қолданды. Сондай-ақ авторлық жұмыстар жөніндегі республикалық сараптамалық кеңестің ұсынымдары толық,айтылды.

Жұма: 25.11.22

«Ұстаз  бен шәкірт» көңілді старт сайысы

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты:Оқушылардың пәнге қызығушылығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ал мұғалімдердің басқа пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеуде сыныптан тыс жұмыстардың берері көп. Математикалық кештер оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.Сайыс бірнеші кезеңдерден тұрды. Әділ қазылар Қаржаубай Х.Т және Жусупова Г.Б сайыс соңында жеңімпаз командаларды атап, алғыс хатпен марапаттады.

Әр іс-шараларға дер кезінде талдаулар жасалынып нәтижесінде қатысқан мектеп басшысы Қаржаубай Х.Т , ОТІМ Хурмет Дауренбек және мұғалімдер өз ой пікірлерімен бөлісе отырып өте жақсы деген баға берді.


Текст