2023 жылдың қараша айында Ақмола облысы Целиноград ауданы «Тасты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Заманауи әдіс – тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастырып білім беру» тақырыбындағы аумақтық семинары өтті.
Семинарға келген қонақтар мен қатысушыларға мектеп директоры Османова Ризвангуль Ясуновна құттықтау сөз сөйлеп, қонақтарды қарсы алып, семинар аясында ашық сабақ беретіндермен таныстырды.
Оқытудың заманауи әдіс – тәсілдерін пайдаланып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тәжірибе алмасу мақсаты орындалды.
Оқушылардың қабілеттерін жан-жақты көрсетуге, бастамашылдықты, дербестік пен шығармашылықты дамытуға көмектесу орын алды. Шынайы білім мен дағды оқу материалын белсенді меңгеру процесінде игеріледі. Оқу - ауыр жұмыс. Міне, сондықтан оқу қызықты және идеяға толы болуы керек, өйткені қызығушылық таң қалдырады, ойды оятады және құбылысты түсінуге құштарлықты тудырады.
Сөзсіз, жақсы ұстаз болу үшін, ең алдымен, үйрететінді сүю, үйрететінді жақсы көру керек. Мысалы, тамаша ұстаздар, өз кәсібіне ғашық, оқушыларды үлгі-өнегесімен баурап алатын, бізді бүгінгі сабағына шақырған шығармашыл ұстаздар сияқты.
2 «А» сынып мұғалімі Аукирова Аяжан Тулегеновна – мақсатты, талантты, жауапты мұғалім. Математика сабағында «Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша қосу» тақырыбын өтті. Оқу мақсатымен таныстырып, міндеттер орындалды. Оқушыларға пайдалы болуы мүмкін барлық жаңа нәрсені оңай және сенімді түрде орындады.
4 «Б» сынып мұғалімі Сатубалдина Гульнар Мараловна - сауатты, ойлы, кәсіби деңгейі жоғары мұғалім, барлық ұсақ-түйектерін көре біледі және оқушыларды шебер басқарады. Математика сабағында «Письменное деление многозначных чисел на двузначное число с остатком» тақырыбының мақсаты айқындалып, өз нәтижесін көрсетті.
Балалардың сауаттылығының жоғары деңгейіне жетуге ұмтылмайтын мұғалім жоқ.
Семинарда сапалы жұмыс істеудің әртүрлі формалары мен тәсілдерін қолдану арқылы қырағылығын дамыту мәселесі талқыланды. Мұғалімдер сұрақтарға жауап іздеді:
❓ Мен не үйрендім, не түйдім??
❓ Оқушы не үйренді , не түйді?
❓ Қатысушылардың пікір, ұсыныстары...
Семинар аясында қатысушыларға бірқатар тәрбиелік тректер ұсынылды:
✅ Постер көрмесінде мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша демонстрациялық бейнеролик тамашаладық.
Семинарды қорытындылай келе Заманауи әдіс – тәсілдер мен тиімді педагогикалық технологияларды ұлттық құндылықтармен ұштастырып білім беру мен үшін әдістемелік бағыты болды деген қорытындыға келдім.
Бастауыш сынып мұғалімі Қартбаева Г. О.