АҚМОЛА ОБЛЫСЫ
ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ
"Ынтымақ ауылының ЖОББМ"🇰🇿
Ағымдағы жылдың 3 қазан күні мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өткізілді
1. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
2. Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру;
3) барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6)білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7)білім беру процесіндегі кері байланыстың жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру процесінің жай-күйін кешенді бағалауы.