Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде мектебімізге "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Көкшетау қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығының» (ПШО) директоры Нугербаев Төлеген Какимович және аға менеджері Журба Лилия Витальевна келді. Келудің негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімдердің кәсіби қиындықтарын анықтау, педагогтердің мектеп тәжірибесін жақсарту бойынша әдістемелік және практикалық бағыттар бойынша ұсыныстар әзірлеу, заманауи білім беру әдістемелерімен бөлісу, соның ішінде функционалдық сауаттылықты дамытуға ерекше назар аудару. Бұл оқушылардың алған білімдерін өмірде тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, олар мектеп ұжымымен кездесіп, білім беру үрдісіндегі жетістіктер мен мүмкіндіктерді талқылап, тәжірибе алмасты.