Текст
Бүгін Ынтымақ ауылының ЖОББ мектебінде тілдер декадасы аясында «Тіл ғұмыры — ұлт ғұмыры» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Іс-шараны өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дөкей Ж.
Аталмыш шарада оқушылар ақын-жазушылар мен ұлы тұлғалардың тіл туралы толғамдары жайлы бейнефильм көрумен қатар, өздері де әр түрлі ақындардың тіл туралы шығармаларын мәнерлеп оқыды.