«Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы»
Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласы елім, жерім деген әрбір қазақстандық ойланатын іс.
Жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен өткен
өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген
ісіне баға беретін кез келді. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып
жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс дей келе мектебімізде «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Дарынды ұрпақ – ұлт болашағы»
атты аудандық семинар болып өтті. Келген қонақтарымызға мектебімізде жүріп
жатқан «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі, бейнелеу өнері және технология
пәнінің мұғалімі А.К. Жусуповтың
жетекшілігімен «Жас оюшылар» шеберлік
сағаты жүргізіліп, оқушылардың қалдық заттарды өңдеп, оларға екінші өмір сыйлау
жолдары таныстырылып өтті. Тек қана оқушылар жұмыс жасап қоймады, келген
қонақтардың да қызығушылықтары артып, жұмыс жасау технологиясымен танысып, іске
белсене араласты.
Жақында мемлекет
басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу
туралы жарлыққа қол қойды. Тәуелсіздік тарихындағы тарихи шешімдердің бірі және
мақтана айтуға болатын үлкен қадам. Осы тұрғыда ой қозғап, келген қонақтармен
мектебіміздің 11 сынып оқушыларын біріктіре пікірталас жүргізген тарих
пәнінің мұғалімі А. К. Нұрахмет «Латын
қарпіне көшу – заман талабы» атты тақырыптағы пікірталаста ауқымды
істің бастау алғаны бүгінгі әлемдік кеңістік қажет ететін дүние екендігін
талқыға салды. Латын әліпбиі мәселесі жөнінде оң пікір білдіру – әр қазақ
азаматының парызы.
«Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие
және білім» кіші бағдарламасы аясында 9
сынып жетекшісі А. Қ. Дүйсенова «Дарынды
ұрпақ – ұлт болашағы» атты ашық тәрбие сағатында оқушылар үш тілде
сөйлеп, еліміздің салт-дәстүрімен байланыстыра «Тұсау кесу» рәсімін жасап, келген қонақтардың
біріне сәбидің тұсауын кескізіп, бұл сабақты да қонақтармен тығыз байланыста
өткізе білді. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді көрсетіп,
оқушылар өз шеберліктерін танытты, соңында «Қазақ елінің болашағы-біздерміз!» деген
ұранмен «Атамекен» әнін әуелете шырқады.
Дәл осы бағытта «История моего поселка» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі И. А. Нигматулина өзі туып-өскен жерінде ертеден тұрып келе жатқан, жастық шақтарын осы ауылдың Фарфор зауытында жұмыс істеп
бастаған тұрғындар Ж.Ахметов, Г.М.Душина, Т.Н.Орловскаяны қонаққа шақырып,
дөңгелек үстел басына жинады. «Ауылымыздан шыққан азаматтар!» атты бұрыш жасап, ақпараттар жинақтап ауылдың бұрынғыжағдайымен және сол уақытта жұмыс жасаған адамдардың өмірімен таныстырып өтті. Пікірталасқа қатысушылар слайдтан ауылдың өткен мағлұматтарын қарап, өткен шақтарын
көздеріне жас алып еске алды. «Біздің мақтаныштарымыз» атты жобалар жүйрігі көрсетіліп, ондағы бастауыш сынып мұғалімі А.Ашимнің жетекшілігімен жүргізіліп, облыстық байқаудан ІІІ орынға ие
болған «Бастауыш сынып оқушыларына кері әсер ететін факторлар» атты 2 сынып оқушысы
Амангелді Нұрайымның және бейнелеу,технология пәнінің мұғалімі А. К. Жусуповтың жетекшілігімен «Оюланған бұйымдар» атты 8 сынып оқушысы Төрехан Ерқанаттың қалдық заттарға екінші өмір сыйлау жайлы қорғаған жобаларына қатты қызығушылық танытқан қонақтар оқушылардың жасап жатқан еңбектеріне, ізденістерін
жалғастырып, шығармашылық шыңына жете берулеріне тілектестіктерін білдірді.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» - деп Елбасы текке айтпаған. "Отаным –тағдырым" базалық жобасы
жастардың бойында азаматтықты, патриоттықты, рухани-адамгершілік және
әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру, кәсіби маңызды қасиеттерді және
дағдыларын дамытуға арналған жоба. Осы жобаға сай жас ұрпақтың патриоттық
сезімін ояту үшін, алдыңғы буын ағалардың өткен өмірінен үлгі алу мақсатында 4
«А» сыныбының жетекшісі Л. А. Шінәлінің «Туған жерге тағзым» атты сыныптан тыс
іс-шарасында мектебімізден шыққан, мақтан тұтатын аға-апаларының қазіргі шет
елде жүрген Ш. Найманбаева мен А. Харжау, сонымен қатар елімізге адал қызмет
етіп жүрген Ж. Өмірбек, А.Ессев және ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын мектеп
түлегі- бүгінгі жас ұстазымыз И. А. Нигматулиналарды мақтанышпен айтып өтті.
"Атамекен" кіші бағдарламасын іске асыру қажеттілігіне негізделген аймақтардағы халықтың
азаматтық белсенділігін арттыру үшін кешенді шаралар жүйесін құру, облыс,
аудан, ауыл тұрғындарына Кіші бағдарламаны насихаттау арқылы халықтың тағдыры
үшін жауапкершілікті ояту мен кіші отанына сезімін нығайту мақсатында Целиноград
ауданындағы Максимовка ауылдық округінің ауылдарын әнге қосып, бір шаңырақ
астына жинап, «Бейбіт елдің тұрғыны» әнін көрермендерді тебіренте әуелете
орындап, көк тудың астына жинады. Осылайша аудандық семинарда, Елбасымыздың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының
кіші жобаларының бірқатарын қамту жұмысы мақсатына жетті деп ойлаймын. Соңымыздан
ерген шәкірттерімізді одан әрі еліне адал қызмет етіп, биіктерден көрінуге
тәрбиелеп, саналарын рухани байыту мақсатында еңбек етуден жалықпаймыз.
Біз дамыған, алдыңғы қатарлы ел болу
үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз
қажет. Дамыған елде ғана барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы
шарт. Замана сынына сүрінбей, озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет деп
сенемін!