Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.03.2018

Мемлекеттік қызмет – маңызды шаруа

 

Мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Мемлекеттік қызметдеп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдардағы мемлекеттік қызметкерлердің еңбек қызметі мен қызметтік функцияларды жүзеге асыру ісін айтуғаболады. 

Елбасымыз әр жылдардағы жолдауларында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы тұрғындардың мемлекеттік органдар көрсететін қызметінедеген сенімін арттыру маңыздылығын атап көрсеткен.

Осыған орай 2015 жылдың 15 сәуірінде   мемлекеттік  қызмет алушының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы қабылданған. Заңның 5-бабынын 7-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті екенін айқындап жазған.

Осы міндеттерді  жүзеге асыру мақсатында Фарфоровый ауылының № 10 орта мектебі әкімшілігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты

ақпараттандыру үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде қызмет көрсету бойынша стенд даярлап, оған мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы стандарт, басқа да қажетті мәліметтер мен құжаттар топтамасы, байланыс телефондары жайлы ақпараттарды орналастырды.

Мектептегі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылатын жұмыстардың негізгісі –  мектепке оқуға және мұғалімдерге  біліктілік санаттарын беру үшін

аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау.

Бұл екі істің де арнайы белгіленген стандарты бар. Мәселен, мұғалімдерді аттестациядан өткізуге алдымен арнайы үлгідегі өтініш қабылданса, мектепке жаңадан оқушы қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша мынадай құжаттар талап етіледі:

1.    Стандартқа сай ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) өтініші.

2.    Туу туралы куәліктің көшірмесі.

3.    № 086 /у  үлгідегі медициналық анықтама.

4.    2 дана 3х4см  фотосурет.

Өткен жылдың қорытындысы мектепке 41 оқушының құжаттарын және 2017 жылдың мамыр айында бес мұғалімнің аттестациядан өту туралы белгіленген стандартқа сай өтініштері қабылданды.

Құжаттарды қабылдау барысында ауылдық жердің адамдары көп ретте мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша құжаттарды қабылдау талаптарынан хабарсыз немесе оған аса мән бермейтіндіктерін байқатып жатады. Бұл өз кезегінде құжат қабылдау ісіне кесірін тигізбей қоймайды. Себебі, оқушының басқа құжаттарын есепке алмағанның өзінде, стандарт бойынша біз сұрайтын төрт негізгі құжаттың кемінде біреуі жоқ болады. Ол құжатты дайындап әкелгенше арада біраз уақыт өтіп кетеді де, бұл іс

ата-аналардың наразылығын туғызып жатады.

Қызмет алушы арнайы білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсетуіне немесе оның дұрыс орындалуына көңілдері толмаған жағдайда, заңның 4-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылар мектеп әкімшілігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республкасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы екені көрсетілген болатын. Алайда құжаттарды қабылдау ісі бойынша көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдану болған жоқ.

Бұндай жағдайлардың алдын алу бойынша мектеп әкімшілігі құжат тапсыруға келген ата-аналармен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда ата-аналардың құқықтық жауапкершілігі де артып, тапсырылатын құжаттардың талапқа сай болуына да біртіндеп қол жетіп келеді. Бұл  мектептің үнемі түсіндіру шараларын жүргізіп отырғандығының жемісі деп білеміз.

 

  № 10 орта мектеп директоры   Х.Т.Қаржаубай Фарфоровый ауылы

Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст