2024 жылғы 14 маусымда Целиноград ауданының "Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ – де 9 және 11 сынып түлектеріне аттестаттар салтанатты түрде табыс етілді. Мектеп директоры Қаржаубай Х. Т. құттықтау сөз сөйледі. Түлектер мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан аттестаттары мен құттықтауларын қабыл алды. Мектеп түлектері жауап сөз сөйлеп, мұғалімдер мен мектепке алған білімдері, әртүрлі бағыттарда даму мүмкіндігі, сондай-ақ қолдау мен қамқорлығы үшін алғыстарын білдірді.
Іс-шара достық атмосферада өтті және аттестат тапсыру рәсімінің барлық қонақтарына жарқын әсер қалдырды. 9 және 11 сынып түлектерін оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және оларға болашақта Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары бола отырып, өз Отанының игілігі үшін еңбек етулерін тілейміз.