Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы » №347 бұйрығы және «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 30- сәуірдегі далалық оқу – жаттығу жиындарын өткізу туралы №226 бұйрығы негізінде, ағымдағы жылдың 13-17 мамыр аралығында 10 сынып оқушыларының бес күндік әскери оқу – дала жаттығу жиындарын өткізу жоспарланған болатын.
13 мамыр- оқу – далалық жиынының алғашқы күні «Ынтымақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не Целиноград ауданының 31 мектебінен 259 оқушы және алғашқы әскери техникалық дайындық ұйымдастырушылары қатысты.
Сайыс барысында ер балалардың сапта тұрудың толық экипировкалы дайындығы: саптық, атыс, тактикалық, азаматтық қорғаныс, топографиялық, автоматты бөлшектеу және құрастыру дайындықтары тексерілді.
Оқушылар Қазақстан Республикасы жарқын болашағы және ел тыныштығын сақтайтын болашақ сарбаздары екендігіне көздері жетіп, ерекше көңіл-күймен үйлеріне оралды.