Целиноград ауданының "Ынтымақ ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "Биология, химия және география" апталығы өтуде. Апталық аясында 5-8 сынып оқушылары арасында "Бөлме өсімдіктеріне саяхат" тақырыбында іс - шара өткізілді. Мақсаты: бөлме өсімдіктерінің әртүрлілігі мен маңыздылығын көрсету. Міндеті: өсімдіктердің алуан түрлілігімен таныстыру; өсімдіктердің өсу географиясы туралы білімді кеңейту; қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Бөлме өсімдіктері біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз қай жерде болмасақ та, олар барлық жерде өседі. Біздің мектепте өсімдіктердің 30 түрі бар. Көптеген бөлме өсімдіктер шаруашылық жағынан құнды немесе сәндік болып табылады. Осы іс-шараны өткізе отырып , мен өсімдіктердің таңғажайып сұлулығын және практикалық бағытын, өсу мен даму ерекшеліктерін көрсеткім келді. Презентацияны қарап отырып, оқушылар өсімдіктердің атауын, өсу ерекшеліктерін және оларға күтім жасауды қызығушылықпен білді. Оқушылар өсімдіктер туралы көптеген қызықты мәліметтер алды.