Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 сынып "Қаңқаның құрылысы мен қызметі" ашық сабақ

14.02.2024

 

01.02.2024 күні апталық жоспарына сай  8 «а» сыныбында «Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты оқушылар тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау, тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметін білу, қаңқа бөлімдерін атап бере алуы, сүйектің түрлерің ажырата алуға үйрету. Оқу бағдарламасына  сай мақсаты құрылды. Сабақ барысы төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезең сәлемдесу жәнеқызығушылықты ояту болды. Екіншікезең жаңа сабаққа кіріспе. Білім алушылардан үйге берілген тапсырманы «Барабан» әдісі арқылы сұрадым және топқа бөліп алдым. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін кйіз үйдің қаңқасы туралы мәлімет беріп, сол арқылы бүгінгі сабағымыз адам қаңқасы туралы  екенін анықтадық. Сабақтың ортасында қаңқа туралы бейнебаян қарап, білім алушылар бір –біріне сұрақтар дайындады. Тапсырманы орындап болған соң адам қаңқасы суретіне атауларын сәйкестендіру жұмысын жасадық. Практикалық кезеңде оқушылар қағаздан қиылған алақанға түтікшелер, жіп және желім көмегімен саусақтарды қозғау үшін жұмыстар жасады. Қорытындылау бөлімінде «секіргіш бақа» әдісі арқылы тақырыпты бекітіп алдым. Кері байланыс ретінде телефон әдісін қолдандым. Сабаққа қатысқан педагогтердің пікірін білу үшін Google forms-ты  QR арқылы беріп, сабақтан алған әсерлерімен таныстым.

Просмотров: 6886


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст