01.02.2024 жылы апталық жоспарына сай география пәні мұғалімі Нұрмашов Әділхан Аллабергенұлы «Дарынды оқушыларды ғылыми жобаға және олимпиадаға баулу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға мектеп мұғалімдері, әкімшілік қатысыт. Семинар барысында дарынды оқушыларды анықтау жолдары, ол оқушыларды ары қарай пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына дайындау жолдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Дарынды оқушыларды анықтау мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірнеше түрімен таныстық. Қатысушылармен пікір алмасып, олимпиада және жобаларда жетістікке жету жолдарын, білім алушылардың қабілеті жайлы талқыланды. Семинарға қатысушылар дарынды оқушылар жайлы көптеген мәлімет жинақтады. Семинар өз мақсатына жетіп, қатысушыларға пайдалы болды деген ойдамын.
***
01.02 күні мектебімізде "Оқушыларды ғылыми жобаға, олимпиадаға баулу" тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарда "кейс әдісінің" тиімділігі және оқушыларды олимпиадаға қалай бейімделуі және онымен қалай жұмыс жасау туралы айтылды. Семинар соңында мұғалімге қойылатын талаптар сонымен қатар "Ғылыми жоба" туралы айтылды.
Болатов Абылайхан
01.02.24 күні жаратылыс тану пәндер апталығында өтізідген география пәні мұғалімі Нұрмашов.А.А «Дарынды оқушыларды ғылыми жобаға және олимпиадаға баулу» тақырыбына семинар өткізілді. Семинардан түйген ойым оқушыларды өз беттерінше ізденуге тәрбиелеу жәнеде дарынды оқушылармен жұмыс кезінде жобаға мұғалім емес сауалнам арқылы қызығатын оқушыны таңдауымыз қажет.
Нұх Хұндыздық
Семинарда ғылыми жоба жаздыру туралы біраз мәліметтер алдық. Өзінің практикасынан мысалдар келтіре отырып, нақты жұмыс жасаудың жолдарын көрсетті. Ғылыми жоба жаздыруға ең алдымен өзекті тақырып пен мәселені таңдау керек екен түсіндім.
Дөкей Жайнагүл