Текст
31.01.2024 күні биология–география-химия апталығының жоспарына сәйкес 8 сыныптармен ауыл маңындағы қатқан көлге экскурсияға бардық. Мақсатымыз оқушылардың табиғатты қорғауға, салауатты өмір салтын ұстауға және пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ауыл сыртына оқушылар шаңғымен шығып табиғаттың әсем бейнесімен танысып, жан –жануарлардың іздерін, қысқы ұялары мен індерін, өсімдіктермен танысып зерттеп қайтты. Қар үстіндегі қоян, түлкінің іздерін анықтадық. Қатқан көлдегі құндыздың інін де бақылап қайттық. Қысқы серуен, табиғат аясындағы шаңғы тебісіміз керемет көңіл-күймен өтті.