Текст
2020 жылдың 1-сәуірде № 10 орта мектебінде қашықтықтан сынама сабақтары барлық сыныптарда өткізілді. Мұғалімдер амандасудан кейін, сабақ тақырыбын және оқу барысында орындалатын міндеттерімен таныстырды. Күделікті тәртіптегідей оқушыларда оқулық пен жұмыс дәптерлері болды. Орындағандары мүмкіндіктерінше аудиожазба және суретке түсіріп жіберіп отырды. Берілген тапсырмаларды орындады, жаңа тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді. Алдын-ала дайындалған бағалау критерияларына сәйкес дискрипторларға кері байланыс берілді. Оқу мақсаттары орынлады., тәртіп сақталды, оқушылар аудио жазбалар мен видео ескертулерді ескерді . Алғашқы сынама сабақтары жаман емес, тек байланысқа шығуда уақыт алғаны болмаса, барлық оқушылар қанағаттанды.