21.11.2023
Жоспар бойынша жаратылыстану пәндерінің отырысы 16 қараша күні сағат 15:00де математика кабинетінде өтті. Барлық 13 мұғалімнің 10 қатысып, 3 мұғалім белгілі себеппен қатыса алмады. Олар Жусупов К.З Арайлы ауылыны денешынықтыру пәні бойынша семинарға кетті. Тұрғанбек Ж. С. АӘД бойынша республикалық байқауға қатысуға Қараөткел аулына кетті. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Хурмет Д облысықа мектептің атистатция құжаттарын тапсыруға кетті.
Отырыс жоспар бойынша өтті. Отырыста ӘБ жетекшісі Шарип Р. жаңа технологияларды тиімді қолдану әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Мұғалімдер арасында шағын тренинг өткізізді. Бұл тренингте мұғалім өзінің жақсы көретін тағамы мен ұлттық нақыштағы бір затты жазады және сол жазған тағаммен затты сабақ барысында кез келген бөлімде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әдіс-тәсіл ретінде қолдана білу шеберлігін анықтайды.
Мұғалімдер тапсырманы асқан шеберлікпен орындап кез келген затты белсенді оқытудың әдіс-тәсілдеріне қолдана беруге болатынына көз жеткізді.