Текст
Мектебімізде оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін ұлықтау, насихаттау мақсатында 10 мен 11 сынып оқушылары арасында «Халық қазынасы - асыл мұра» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын төрт кезеңнен құралып, әр кезеңде салт- дәстүрлерге байланысты сұрақтар қойылды. Оқушылар «Бірлік» және «Қыран» командаларына бөлініп, командалар ойынға белсене ат салысты. Екі команда да мақтау қағазымен марапатталды.