Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2017

Үштілді тұлға – заман талабы

           «Мәнгілік Ел» ұлттық идеясында белгіленген бағыттардың бірі – болашақ қазақстандықтар үш тілді тең меңгерген тұлға болуы. Әрине бұл отандық білім беру жүйесінің алдына қойылған биік мақсат, сындарлы сын. «Болашақта Қазақстанымызды дүниеге танытатын, тек ғылым саласында еңбек етіп, жаңалықтар ашатын ғалым ғана емес, сол ашқан жаңалығын дүниежүзілік әлеуметке еркін таныстыра алатын тілдік тұлға» - міне білім саласында еңбектеніп жүрген ұстаздардың алдына қойған мақсаттары.

Біздің Фарфоровый ауылы №10 орта мектебімізде 2017 жыл есте қаларлықтай оқиғалармен басталды. Жылдың басы болған айда орыс және ағылшын тілдері апталығы, «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

Білім беру мен тәрбие – бір біріне тығыз байланысты, екеуінің бірінсіз жан-жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуге қол жеткізуге болмайтын түсініктер. Сол себепті мектебіміз ұстаздары әрқашан да екі бағытты таразының екі басындай тең ұстап отырады.

Орыс және ағылшын тілдері сабақтарында алған білімдерін еркін тілдік ортада қолдану, өз пікірін еркін жеткізуге үйрету, тілді үйренуге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру – апталықты ұйымдастырған ұстаздар орыс тілі пәні мұғалімі Г.Ж.Батабекова мен ағылшын тілі мұғалімі Г.Н.Хайрованың іс-шараны ұйымдастыруда алған қойған негізгі міндеттері.

Апталық аясында Г.Ж.Батабекова 5 «А» сыныбында «Повторение и закрепление по теме «Зима», Г.Н.Хайрова 6 «А» сыныбында «Pollution is bad for health» тақырыптарында ашық сабақтар берді.

Оқушыларға ең ұнаған сыныптан тыс іс-шара «Оқырмандар конференциясы» болды. Конференцияға қатысқан 7, 8, 9 сынып оқушылары Искакова Г., Әбдіхалық Х., Хуанбек А., Шам А., Нұрлыбекқызы А., Хуанбек М., Болат Қ., Серікбай Г., Өмірзақ А.  орыс және ағылшын тілдерінде өздері оқыған көркем әдебиет шығармаларының мазмұнымен бөлісіп, тыңдармандардың сұрақтарына жауап берді. 8 «А» сынып оқушысы Ерболат Бексұлтан өзіндік жұмысымен тыңдармандардың ерекше құрметіне бөленді.

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!»

- деп Абай атамыз айтқандай, мектебіміз ұстаздары бұдан ары да осы бағыттағы тәрбиелік жұмыстарын талмай жалғастырады.

Фарфоровый ауылы №10 ОМ

тәрбие істері жөніндегі директор орынбасары

Нұрахметова Қ. К.

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст