Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.02.2017

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына  орай 

«Біз Тәуелсіз елдің болашағымыз!» атты саяси сабақ өткізілді. Осы саяси

сабақ өткізілу барысында барлық оқушылар атсалысып,  өз өнерлерін ортаға салып, өлеңдер оқып, ән

шырқаудан аянып қалмады.

Ел боламын десең,

бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,

қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып

жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).


  Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымныңжүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге.  Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымызтігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да,

жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы –

Қазақстан.  Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының  жауапты жұмысы деп білемін. Сол себепті де, оқушыларымыздың сапалы білім мен өнегелі тәрбиені мектептен алып шығатынын еш ұмытпауымыз керек. Оқушымыздың парасатты да саналы адамгершілігі мол тұлға болып шығуымен қатар, нәтижелі білім алып шығуына бар күш- жігерімізді сарп етуіміз қажет. Ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері сөзсіз.

Просмотров: 598


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст