«Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз»
Армысыздар,
құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Еліміздің сан мың
жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр
сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып
қалған, бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
1 жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің
қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың
қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние
дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген
тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және
әрқашанда айтып өтеміз.
2 жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына
арналған 25 игі іс - мерекелік іс-шарасына арналған № 10 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары дайындаған концерттік
бағдарламасын қабыл алыңыздар!
Би:
Нұрсая
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Ән: Қазақстан алға!
Өлең: Райымхан
Өлең: Ақбота 4 а сынып
Ән: Қыдырәлі 4 а сынып
2 - жүргізуші: Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына
беріледі.
Ән: Айгүл
Аяжан
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық.
Күй:
Ләззат
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......
Дастан:
Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!...
.
Ләззат
Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....
Ән: Анель
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына
солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа
жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе
жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани
езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам
жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
Дастан:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
Хор: Желтоқсан желі
8 а сынып
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып
Қазақстан үшін жанын құрбан еткенін еске түсіруге болады.
(Осы кезде Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері әкелінеді)
2-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
Өлең: Райымхан
Таң қалады тергеуші де есі кетіп,
Неткен қайтпас, біз, мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпаймын, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімде бес құрлықтың бәрінде айтам.
Орыс кластары
Хор:
«Мой Казахстан»
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым
Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не
өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе
білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1 жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
Ән:
Жадыра
2 – жүргізуші:
Жер болса, ел болады, ел болса ер болады.
Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. «Алға,
Қазақ, жігіттері»
Ән: «Жаса, Қазақстан!»
Рахат
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы азаматтар
жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа тартылған ешкім болған жоқ.
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Ән: «Қазақ елі» Елжан
2 жүргізуші:
Желтоқсан – толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып.
Барлық ұлттың басын бір қостық бұл достық
Ұлы достық, Нұрлы достық, Күн
достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Биші
қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі.
2 -
жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Ән: «Туған
жер» Ділда
2 - жүргізуші:
Бүгінгі
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына
арналған «Тәуелсіздік деп
соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
(Барша бала артында шығып тұрады,
қолдарында шар мен жалауша)
1 - жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Хор: «Желтоқсан тағлымы»
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың
еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі
кездескенше сау саламатта болыңыздар!