Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кезектен тыс жалпы ата-аналар жиналысы
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық,
сонымен қатар суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу туралы. Мектеп директоры: Қаржауба Х.Т.
2. "Балаңыздың бос уақытында немен айналысатынын білесіз бе?", "Синий кит", "Беги или умри" ойындарының
бейне-ролигін көрсету арқылы ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мектеп оқушыларының қауіпсіздігі
талқыланды.
Ғаламтор желісіндегі ВК аккаунтындағы жүргізіліп жатқан, оқушылардың өміріне қауіп төндіретін ойындардан туындайтын
ауыр зардаптарды болдырмау мақсатында аталған мәселе бойынша ата-аналарды ауызбіршілікке шақырып, түсіністікпен
қарап, балаларымыздың өміріне қауіп төнбейтіндей жағдай жасап, балаларды үйде де қадағалау керек деді Тәрбие ісінің
орынбасары Нурахметова К.К.
Жиналыс барысында бейне-роликтар мен слайдтар көрсетілді.
Жиналыста:
1. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулықтары мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында оқушылар мектепте смартфонды алып жүруге
тиым салу туралы мектептің ішкі тәрьіп Ережесіне енгізілсін.
2. Ата-аналар - балаларына бақылауды күшейтіп, сынып жетекшісімен, мектеп әкімшілігіміен байланыста болуы тиіс.
3. Сынып жетекшілері өз сынып оқушыларымен өміріне қауіп келтіретін желілік ойындардан аулақ болу мақсатында сынып сағаттары мен
әңгіме сағаттарын өткізіп, оқушыларды қатаң бақылауда ұстасын деген шешім қабылданды.