Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

22.02.2017

       Білім-

адамның  ішінен шығатын нәрсе емес,

сырттан келетін нәрсе. Оқымай білімді боламын дегендер, тормен су алғысы

келгенмен тең. «Біз қанша білсек, сонша нәрсе қолымыздан келеді. Сондықтан да

білім-күш»,-депті ағылшын философы Френсис Бекон.

      Өзен қайтсе үлкейеді? Өзіне келіп құйған

бұлақтардың бәрін қабылдай берсе. Білімділік те солай, құр оқып қана қоймай,

бойыңа сіңіре білсең ғана, білімдар боласың. Осы орайда №10 орта мектебінде

«Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігінде Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» повестімен 7

сыныптар арасында оқырман конференциясы өтті. Оқырман конференциясының басты

мақсаты оқушыларды көркем әдеби шығармаларды оқып үйренуге, ой түюге, оқудан

алған пікірлерін  ортаға салып, ізденуге

бағытталған. Әлем әдебиетіндегі алып тұлғалардың бірі, «Адамзаттың Айтматовы»

атанған қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы,

Қырғызстан  Ғылым Академиясының, Еуропа

Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың

өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Шыңғыс Айтматов «Мен қайда барсам да  өзіммен ала жүретін екі нәрсем бар.

Біріншісі- «Манас» жыры, екіншісі өзіме ұстаз тұтатын Мұхтар Әуезов» деген

екен. Қазақ-қырғыз халқының арасындағы достықтың көпірі болған Шыңғыстың Әбіш

Кекілбаев, Зейнолла Қабдолов сынды қазақ жазушыларымен достық қарым-қатынасын

айту.

Оқушылар конференцияда өз ойларын ортаға салып,

авторға сұрақ жолдап және ұнаған кейіпкерлеріне жазған хаттарымен, повесьтті

оқығандағы алған әсерлерімен бөлісті. Осындай оқырман конференцияларын жиі

ұйымдастыруға ұсыныс білдірді.  Конференция соңында оқу ісінің меңгерушісі Айнаш

Қуанышқызы  конференцияға қатысқан

оқушыларға көркем әдеби шығарманың ролі зор екеніне тоқтала кетіп, оны қызыға

оқуға шақырып, белсенділік танытқан оқушыларға  сыйлық ретінде кітаптар сыйлады.

 

Просмотров: 818


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст