Биылғы оқу жылы жақсы жетістіктермен басталды.
3-сыныптыың сынып жетекшісі Л.Шінәлі оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын
ояту мақсатында түрлі қашықтық
олимпиадаға қатыстырып, төмендегі нәтижелерге жеткізді.
Атап айтатын болсақ, қыркүйек
айында өткен «Ақбота» қашықтық олимпиадасына 13 оқушы қатысып, 9 оқушы ІІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды. Республика оқушылары арасында «Эрудит» интеллектуалды білім порталының
ұйымдастыруымен өткен байқауға 6 оқушы қатысты. «Түс көрдім, түсімде ғажап іс көрдім», «Менің ең
қызықты оқиғам» номинациясымен Оразалы Аружан мен Серікбол Аружан ІІІ
дәрежелі дипломмен марапатталды. Сол сияқты «IQ» интеллектті дамыту орталығының
ұйымдастыруымен Республика оқушылары арасында қашықтықтан Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігінің 25
жылдығына орай өткізілген байқауға Расол Мухамедали қатысып алғыс хатпен
марапатталды. «IQ» интеллектті дамыту орталығының ұйымдастыруымен ІІ Республикалық оқушылар
арасындағы қашықтықтан өткізілген байқауға Расол Мухамедали «Төрт аяқты
досымыз» атты номинациясыменІ орынды, «Болашақ мамандығым» номинациясымен Серікбол
Аружан ІІ орынды иеленді. Ақпан айында «Алтын жабағы» атты әлемдік
мәдениет тарихы бойынша XV халықаралық ойын байқауына 5 оқушы қатысып
белсенділік танытты.
Мұғалімнің шығармашылығына
табыс тілейміз