Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Тақырыбы: «Эрудит» зияткерлік сайыс

Мақсаты: Оқушылардың ауызша есептеу қабілетін ойын арқылы жетілдіре отырып

пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың қисын ,есте сақтау,

ұйымдастыру, оперативтік ойлау қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа,жауапкершілікке,

байқампаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: топтық сайыс

Көрнекілігі: инт. тақта,тапсырмалар.

Сайыстың барысы

1. Таныстыру

2. “Білім” сайысы

3. “Фигуралар сөйлейді”

4. “Кім қырағы?”

5. Математикалық жұмбақтар

6. “Қас- қағым сәт”

7. «Кім жылдам»

1. Таныстыру : екі топ өздерін таныстырады

2. Білімдер сайысы: оқушылар білімдерін сұрақ-жауап беру арқылы тексеріп отырамыз.

Екі топ кезекпен кезек жауап береді .

Үшбұрыштар тобы:

1. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?. ( 0 )

Төртбұрыштар тобы:

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)

Үшбұрыштар тобы:

2. Әкемнің 7 ұлы бар, оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар?

Төртбұрыштар тобы:

2. Үстел беті төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?

Үшбұрыштар тобы:

3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?.

Төртбұрыштар тобы:

3. Төрт қойдың неше аяғы бар?

Үшбұрыштар тобы:

4.Тәрелкеде 4 бауырсақты 4 балаға бір- бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады?.

Төртбұрыштар тобы:

3. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы оның 10 торғайын атып алды. Торғайдың қаншасы қалды?

4. Үшбұрыштар тобы:

5. Менің әкемнің баласы- менің туысқаным емес. Ол кім?.

Төртбұрыштар тобы:

5. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?

3. “Фигуралар сөйлейді”

Берілген фигуралардан қандай біз заттың бейнесін шығару.

4. “Кім қырағы?”

Тақтадан берілген сөздерді 5 секунт ішінде есте сақтап қағазға түсіру керек.

5.Математикалық жұмбақтар

Қай топ бірінші табады сол ұпайды алады.

1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қол)

2.Отыз омыртқа,

Қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған

Ауыз омыртқа. (киіз үй)

3.Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар (ерін мен тіс)

4. Жүз мүйізі бар,

Үстінде киізі бар.

5. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды.

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды.

6. Атадан 10 боламыз,

Бір- бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.

8. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді.

6 “Қас- қағым сәт”

1.86 санын ешқандай жазу жазбай 12- ге арттыр.

2. 1 т мақта ауырма, 10ц темір ауырма?

3. Сағаттың ¼ бөлігінде неше минут бар?

4. Натурал санға қандай санды қосқанда келесі сан шығады?

7. «Кім жылам?»

Осымен сайыстың мәресіне жеттік әділқазылар шешімі бойынша қатысқан ойыншылардың нәтижесін хабарлайды.

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст