Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Тақырыбы: Білекті бірді, білімді мыңды жығады

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру. Математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ 

барысы

7-11сыныптар арасында өтетін бұл сайыс негізгі 5 бөлімнен тұрады.

1-сайыс. Топтардың  сәлемдесуі.

2-сайыс. Математикалық  терминдер.

3-сайыс. «Пингвиндер».

4- сайыс. Үй тапсырмасы.

5-сайыс. Капитандар сайысы.

Білімді мыңды, білекті бірді жығады сайысына әділ бағасын беретін  әділқазы алқасын сайлап аламыз.

1-сайыс.

Топтардың сәлемдесуі. Өз топтарының  құрамын, ұранын  таныстыру. Эмблема қорғау.

2-сайыс.

«Математикалық  терминдер» сайысы.

Мұнда  «К», «Т» әріпі  беріледі. Оқушылар «К», «Т» әріпімен басталған математикалық терминдерді  атайды. Уақыт 2 минут.

3-сайыс.

«Пингвиндер»сайысы.

Мұнда  тақтаға әр топқа  қатысушы  санымен есеп  беріледі. Әр қатысушы  оқушы аяғына  допты  қысып 

алып,  түсіріп  алмай сол  есепті  шығарады. Әр есептің  дұрыс,  теріс болуына  және  допты түсіріп  алу,  алмауына байланысты  ұпай  беріледі.

4- сайыс.

«Үй  тапсырмасы».

Логикалық  есеп жасыру. әр  топ  өзіне қарсы  топқа  логикалық есептер  жасырады. Егер  қарсы топ  таба  алмай қалса  онда  ұпай саны  өздеріне  қосылады.

5-сайыс.

«Капитандар»  сайысы.

Мұнда капитандар  өз  қалауымен  бір  ән  таңдайды. Осы әнді  айтып отырып ақша  санайды.

«Пингвиндер» сайысының  есептері.

1).  2х2-8х-10=0           (-1;5)                                1).  -х2+6х+16=0        (-2; 8)

2).  а1=21                                                             2).      а1=7

d=-3                                                                       d=-4

a8-?                    (0)                                                       a8-?               (-21)

 

5).  y=4xcos4x   yI-?                                                            

5).  y=3x sinx       yI-?

Сайысымыздың  соңында  қазылар алқасының  шешімі  бойынша жеңімпаз  болған  топты жариялаймыз. Жеңімпаз  топқа  құттықтау айтып,  сый-сияпат  көрсетіледі.

Просмотров: 640


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст