Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл

болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Тіл туралы терең ойлану қоғам үшін, қоғамның әр

азаматы үшін парыз болып саналады. 

Мектебімізде пән апталықтары жыл басынан бастап, жоспарлы түрде

жүргізіліп келеді.

          Ақпан айынының 13-18  күндері мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімдері М. Тоқтаған, Д. Жарқын, Ж. Докей, А. Байгелова ижәне Ж. Тұрғанбек

қазақ тілі мен әдебиеті апталығын 

ұйымдастырып, ерекше етіп өткізді.

Атап айтқанда бірінші күннен бастап  тізбектелген сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар

жаңашыл түрде жүргізілді. Ашық сабақты пән мұғалімдері жаңа технологиялардың

элементтерін қолданып, кіріктірілген сабақ үлгілерін көрсетсе, жас маман,

практикант Тұрғанбек Жәнібек 9 «а» сыныбында Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»

тақырыбында қазақ әдебиетінен ашық сабақ берді. Ол сабағында өзінің жан-жақты

дайындығымен, белсенділігімен  оқушыларды

қызықтыра білді. Ал, оқушылары тақырыпты ойдағыдай ашып, өз ойларымен толықтырып

отырды.

Сонымен қатар М. Тоқтаған мен Ж. Докей дәстүрге айналған

«Мұқағали оқулары» көркем оқу сайысын жүргізді. Оған 3-11 сынып аралығында 40

оқушы қатысып, өздерінің жоғары дайындықтарын көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол

жеткізді.

Апталық барысы «Сахна саңлақтары» атты театрландырылған

қойылыммен жалғасын тапты. 5-11 сыныптар арасында өткізілген шара барысында

10-11 сынып оқушылары «Бас жүлдені» жеңіп алды. Атап айтар болсам, Қажымханұлы

Д, Рахимжан А, Өмірбек Ақбота Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесін сахналап, ондағы

кейіпкерлер псхологиясы мен тағдырын тамаша сомдап, көрермендердің көзіне жас алдырды.

Осылайша пән мұғалімдері оқушылар үшін  түрлендіріп, қызықты етіп жүргізген

апталықтың қорытындысын «Жырлайды жүрек» тақырыбындағы әдеби танымдық кешпен

аяқтады.

 

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст