2017 жылдың 10-15 сәуір аралығында Фарфоровый ауылы №10
орта мектебінде математика, физика және информатика апталығы өтті.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру
барысында пән апталықтарының орны ерекше.
Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсаты - оқушыларға математика, информатика,
физиканы тек сабақта ғана пайдаланып
қоймай , өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Апталық барысында түрлі
сайыстар мен іс- шаралар өткізілді. Соның ішінде атаулысы, 1851 жылдан бастау алып келе жатқан
дүниежүзілік көрмелер тарихы және 2017 жылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесі
туралы, Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO -2017 көрмесін өткізу құқығын
жеңіп алғанын оқушыларға насихаттау мақсатында математика, физика пәні мұғалімдері Г.Б.Жусупова, Б.Депу, Д.Далелхан,
Р.Шарип «Болашақ энергиясы - ЭКСПО –
2017» атты өнертапқыштар байқауын жариялап, қызықты да, пайдалы
таныстырылым жасады. Таныстырылым сабағына
қатысқан оқушылар пікір алмасып,
ЭКСПО халықаралық көрмелер тарихының идеялары мен тарихи тағылымы жөнінде ой
бөлісіп, пікір алысты.
Сонымен
қатар байқауға қатысқан оқушылар мен пән мұғалімдері өздерінің қарапайым күнделікті қолданып жүрген
заттардан жасаған қозғалтқыш механизмдерді дайындап, оны қолдану жолдарын
көрсетті. Нәтижесінде 7 «А» сынып оқушылары Жанибек С., Хосылбек Н. І орынды, 9-сынып
оқушылар Хосылбек Н. пен Дүйсенбай Н. ІІ
орынды, мұғалімдер Шарип Р.пен Депу Б. ІІІ орынды иеленді.
Сондай-ақ,
пән мұғаілмдері ЭКСПО- ның нышанын
жасап, далада орналастырды.
«Болашақ
энергиясы» көрмесін көзбен көріп,
тамашалайтын күндер де алыс емес. Кеудеңді керемет қуаныш кернейді. Сол кезде
еліміздің мәртебесі өсіп, табиғатты қорғауға