Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Пәні: математика                          сыныбы: 5 «а»  сынып              уақыты:  17.09.15ж

Сабақтың  тақырыбы: Натурал сандарды  азайту.

Сабақтың  мақсаты:

1. Білімділік: Саннан  қосындыны  азайту ережесін   есептер шығаруда  қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

    2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызуғушылығын ояту.

3. Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: ойын  технологиясынан элементтер, сұрақ -жауап

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Пән аралақ  байланыс: қазақ  тілі.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дидактикалық материал , слайд,  сөзжұмбақ

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:   Оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірлігін тексеру.

Оқушылар   екі-екіден 7 жұп  болады.

Тақтада бағалау  журналы .

1-жұп

2-жұп

3-жұп

4-жұп

5-жұп

6-жұп

7-жұп

1 тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

2 тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      Қайталау: бір әріп

2.      Пысықтау:  диктант

3.      Жаңа сабақ .

4.      Деңгейлік тапсырмалар : мақал-мәтелдер .

5.      кітаппен жұмыс : сәйкестендіру

6.      Білімді тиянақтау: сөз жұмбақ 

7.     Үйге тапсырма беру.

  Иә, оқушылар  біздің №10  Фарфоровый   орта мектебінде  11- қыркүйектен  бастап  22-қыркүйек  аралығында   «Тілдер» онкүндік  өтіп   жатыр. Осы  апталыққа  байланысты бізді қазақ тілі пәнінің мұғалімі  өз  кабинетіне қонаққа   шақырды. Бірақ   қазақ тілі  кабинетіне жету үшін жолдағы  барлық кабинеттер  арқылы өтесіңдер,-  депті. 

Математика –

информатика -  директордың кеңсесі-  география- медбикенің кеңсесі-қазақ тілі.

  қазақ тілі кабинетіне бару үшін  тез-тез бүгінгі математика сабағын өткізейік.

1.      Қайталау:

бір  әріп

1.     (-)  бұл қандай таңба                                (азайту)

2.     Теңдеудегі (х-ті) белгісіз мүшені не  деп  атаймыз     (айнымалы)

3.     12:2=?                                                                                (алты)

4.     С-а өрнегіндігі  с-ны  не деп айтамыз?                        (азайғыш)

5.     Натурал  сандарды салыстыруда ............... саналған сан кішісі  болады.  (алдымен)

6.     (+), (-), (:), (-ді   математикалық ................. дейміз.           (амалдар)

7.     Он екі  мен бестің  көбейтіндісі                                            (алпыс)

Жаңа сабақ  тақырыбы: Натурал  сандарды  азайту. Натурал саннан қосындыны азайту.

а-(в+с)  түріндегі өрнекті   саннан  қосындыны азайту дейміз.

а-(в+с)=(а-в)-с  амалымен орындауға  болады.

мысалы:  9-(6+2)=(9-6)-2=1

 

2.      Пысықтау диктант.

1.     жиырма төрт саны он тоғыздан үлкен,  бірақ жиырма жетіден кіші.

2.     Он бес мың  алты  жүзден он екі мың қырық үш пен үш мың бес жүз елу үштің  қосындысын  азайтыңдар                                       15600-(12043+3553)

3.     А  нүктесінің  координатасы жетіге тең                                           А (7)

4.     С, О  кесіндісінің  ұзындығы он алты сантиметрге  тең                 СО = 16 см

5.     Мың сегіз жүз қырық бестен  мың үш жүз сегізбен бес жүз жетінің қосындысын азайтыңдар          1845-(1308+507)

 

3.      Дегейлік  тапсырмалар:  мақал- мәтелдер

Натурал  сандардан қосындыны  азайту (есептің нәтижесіне мақалдар тауып айту керек)

1.Үшбұрыштың периметрі 60см.  Ал  екі  қабырғасының  ұзындығы 28см және 15см болса онда үшінші қабырғасын табыңдар? (32)

2. Жұмысшы  үш күнде 2740 тетік дайындау керек еді. Бірінші күні ол 960, ал екінші күні780  тетік дайындады. Енді дайындалмаған неше  тетік қалды? (1000)

3. мектеп кітапханасында барлығы 620  кітап бар. Кітапханашы  осы кітаптың бірінші қатарына 315, екінші  қатарына 205 кітапты жинады, енді жиналмаған неше кітап қалды? (100)

4. Біздің сынып оқушылары 17 алма  ағашын отырғызды. Оның  9 –ы бірінші жылы, 6-уы екінші  жылы жемісін берді. Мүлдем жемісін  бермеген неше  ағаш  қалды? (1)

5. Ұзындығы 61 см кесінді  үш бөлікке  бөлінді. Біріншісі 18 см, екіншісі біріншіден  2 есе артық болса  үшінші бөлікті  табыңдар (7)

6. Құрылыста 20 жұмысшы бар. Оның 9 –ы сылақшы, тағы сондай тас қалаушы бар. Қалғаны құрылыс бастығы.  Құрылыста  неше бастық бар? (2)

7. Егінші  барлығы 365 кг  көкеністер жинады. Оның 133 кг картоп,  тағы сондай  кырыққабат  жинады. 

Қалғаны  ір  түрлі көкеністер. Әр түрлі көкеністер неше килограммды құрайды? (99)

Мақал –мәтелдер.

1.     32 тістен шыққан  сөз

32 ру  елге тарайды.

2.     Білімді 1000-ды жығады

Білекті  бірді  жығады.

3.     100 теңгең болғанша

 бір досың  болсын

4.     Ер 1  рет өледі

Қорқақ мың рет  өледі

5.     7 рет  өлшеп,

Бір рет кес

6.     2 құзғын таласса

Бір қарғаға жем болады.

7.     Білгенім бір тоғыз

Білмейтінім 99

4.      кітаппен жұмыс: сәйкестендіру

№ 89  № 90 ,  № 96

Қазақстанның  астаналары  болған жылдар (№ 89 есепке сүйене отырып орындау)

Орынбор                                         18 ж    

Астана                                              5 ж

Қызылорда                                      68 ж

Алматы                                             4 ж

 

5.      Білімді

тиянақтау: сөзжұмбақ

 (оқушылар өз есептеріңнің нәтижесін  сөзбен сөзжұмбаққа  толтырып отырамыз)

1.     10540-(10000+500)=                                               қырық

2.     1845-(1308+507)=                                                  отыз

3.     7000-(3006+3954)=                                                қырық

4.     15600-(12043+3553)=                                             төрт

5.     100000-(57463+42477)=                                           алпыс

6.     435-(340+88)=                                                           жеті

7.     1050-(433+547)=                                                       жетпіс

8.     365-(121+233)=                                                         алты

9.     19676-(11201+8455)=                                               жиырма

 

   Сөзжұмбақ.

 

3

қ 

 ы

р 

 

ы

қ 

 

9

 ж

и 

ы 

р 

м 

 А

 

2

 о

т 

ы 

 З

 

8

 А

л 

т 

Ы

1

 қ

ы

Р

 ы

 Қ

 

4

 Т

ө 

р 

т

 

6

 ж

Е

т 

 І

 

5

 а

 Л

 П

ы 

с

7

 ж

е

Т

П

 І

С

 

 

6.      Логикалық  есептер:

1. 3 әртүрлі сандарды алдымен қосты, одан кейін оларды көбейтті. Сонда олардың қосындысы мен көбейтіндісі тең болды.  Олар қандай сандар болғаны ?    (1+2+3 =1*2*3)

2. бір жұмыртқа 5 минутта  піссе, 10 жұмыртқаны  неше минутта пісіруге болады? (50)  

3. Адамның қолында  10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?  (50)

4. Бір-бірімен белгілі байланыспен орналасқан сандар қатары берілген. Сандар байланысы ерекшелігін тауып, қатар

жалғастыр, яғни келесі қай сан екенін анықта.

9, 7, 10, 8, 11, 9, 12,...?      (10)

5. Ит түйеден 10 жыл аз, ал түйе есектен 20  жыл аз жасайды. Егер есек 50 жыл жасаса, ит пен түйе неше жыл жасайды?     ( ит 20жыл , түйе 30жыл)

6.   Дүкенде 16кг, 17кг,  40кг –дық қораптарға кәмпиттер салынған. Қораптарды ашпай- ақ Аяз Ата балаларға 50кг кәмпит сатып алуына бола ма?  (16+17+17)

7.  12  сақинаның біреуі өзге сақиналардан жеңіл. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір рет қана өлшеп, массалары бірдей  4 сақинаны қалай табуға болады? (4, 4, 4, )

7.      Үйге  тапсырма: №94, №95 Қорытындылау: бағдаршам   арқылы  бағалау.  Ашық журналмен қорытындылау

Просмотров: 764


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст