Пән: Қазақ әдебиеті |
Сынып: 10 «а» |
Уақыты: 14.02.2017 ж. | |||
Тақырыбы |
Ж. Жабаев «Сұраншы батыр»дастаны | ||||
Мақсаты: |
Оқушыларға Ж. Жабаевтың «Сұраншы батыр» дастанының жазылу тарихы туралы түсінік беру. Дастанды оқып, тақырыбы мен негізгі идеясын ашу. | ||||
Міндеттері:
|
Ғасыр жасаған жасаған Ж. Жабаев туралы терең түсінік алу; Шығармашылығымен танысу. | ||||
Күтілетін нәтиже
|
Ақын туралы толық мәлімет алады. Дастандарын оқып, тарихпен байланыстыра әңгімелейді. | ||||
Қолданатын әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, СТО техн. Бағалау парағы. | ||||
Ресурстар |
Оқулық, ақын портреті, интербелсенді тақта. | ||||
Сабақ барысы
Тұсау кесер
Үй тапсырмасы
Қызығушылықты ояту
Негізгі бөлім
Мәтінмен жұмыс
Қорытынды
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Сәлемдесу. 2. Кезекші мәлімдемесі. 3. Журнал бойынша түгендеу.
Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы. «Өтеген батыр»дастаны. Үй жұмысы сұрақ-жауап әдісі бойынша сұралады. 1. Ақын қай жерде дүниеге келді? Ақынға Жамбыл есімі не себепті қойылды? 2. Бала Жамбылдың ақын Жамбыл атануына қандай жағдайлар әсер етті? 3. Жамбыл ақын мен Сүйінбай Аронұлының арасынды қандай байланыс болды? 4. Ж.Жабаевтың шығармашылығы туралы.Ақынның қандай өлеңдерін білесің? 5. Жамбыл – айтыс ақыны. Ақынның айтыс өнеріне қосқан үлесі туралы әңгімеле. 6. Өтеген батыр туралы әңгімеле.
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын. Сол сұрақтардың жауабының «Сұраншы батыр» деген жаңа сөз шығады. 1. Жамбыл сыйынған ақын? (Сүйінбай) 2. Алғадай Жамбылға кім болып келеді? (Ұлы) 3. Әдебиеттегі өткір сын ажуа,мысқыл бір сөзбен қалай аталады? (Сатира) 4. Жамбылдың алғашқы өлеңі («Шағым») 5. Ақынның дастанында Жиделі Байсынды іздейтін батыр (Өтеген) 6. Жамбылмен айтысқан ақын? (Шашубай) 7. 1916 ж. патша бұйрығына орай шығарған өлеңі қалай аталады? Алғашқы сөзі Ауыр сөзінің синонимі болады (Зілді бұйрық)
Ендеше, біз бүгін Жамбыл ақынның «Сұраншы батыр» дастанымен танысамыз. Қосымша материалды екі топқа бөліп беремін.
І топ. Мәтіннің ішінен көнерген сөздерді табады. (Қылыш, әскер, сауыт, т.б.) ІІ топ. Тұрақты тіркестерді табады. (Қабағынан қар жауу, кірпігіне мұз қату, т.б.)
Тест және бестік әдісі бойынша бүгінгі сабақты қорытындылау. 1. Ж. Жабаев туралы 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындау. (Bilimland-тан, 8 сынып Жамбыл «Сұраншы батыр») 2. Дастан туралы 5 сөзден тұратын 1 сөйлем жазу. 3. 5 дыбыстан тұратын бір сөзбен қорытындылау.
1. «Жүз жасаған бәйтерек» Ж. Жабаев туралы эссе жазу. 2. «Сұраншы батыр» дастанын оқып, мазмұнын айту.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау үшін бағалау парағы пайдаланылады.
Бүгінгі сабақ маған ұнады. Өйткені ... Ұнаған жоқ. Өйткені ... |
Оқушының іс-әрекеті
Кезекші мәлімдеме жасайды.
Екі топқа бөлінген оқушылар 3 сұрақтан суырып алып, берілген сұраққа жауап береді.
«Сұраншы батыр» деген сөзжұмбақты шешеді.
Бейнебаян көреді (Bilimland-тан, 8 сынып Жамбыл «Сұраншы батыр»)
Топ болып оқып, дастан не туралы екенін, тақырыбы мен идеясына, кейіпкерлеріне тоқталады.
Берілген тапсырманы дәптерге орындайды.
Топ басшысы бағалап отырады.
Оқушылардың пікірі тыңдалады. | |||