Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Тәуелсіздік­­ пен Махамбет Өтемісұлы

 

Тәуелсіздік деген не? Тәуелсіздік деген өміріміздің мәні әрі оны алып беру үшін ата-бабаларымыз

өмірін, жанын, қанын беріп, осы күнге бізді жеткізді. Тәуелсіздікке жету біз

үшін оңай болған жоқ. Тәуелсіздік жолында біз көптеген бауырларымызды,

ата-бабаларымызды, отандастарымызды, достарымыз, туыстарымызды жоғалтық және де

көптеген адамдар кәзіргі күннің өзінде де соның зардабын тартуда. Мысалға

алсақ, кейбіреулері мүгедек болып қалды,кей адмдар мулдем естімейді, көрмейді

тіпті төсекке танылып қалған жандар да бар. Оларға менің қатты жаным ашиды.

Тәуелсіздік жолында құрбан болғандардың бірі-Махамбет Өтемісұлы. Ол ақын әрі батыр, ұлт

жанды,сөзі өткір азамат болған.Махамбет 1803 жылы Батыс Қазақстан

облысы,Бөкейорда ауданы, Нарын құмында дүниеге келген.Исатай Тайманұлы бастаған

ұлт-азаттық көтерілісіне 1836-1838 жылдары қатысқан. Қайсар батыр, әділдікті

сүйген, озбырлықты жек көрген Махамбет халық Жәнгір хан тепкісіне шыдамай

көтеріліске шыққан кезде Исатай батырдың қасынан табылып, өмірінің соңына дейін

осы көтерілістің ұйымдастырушыларының бірі әрі жалынды жырларымен дем берушісі

бола білді. Махамбет өмірі мен шығармашылығын бір ғана қасиетті мұратқа,ұлы

арманға-халқының бостандығына арнаған жалынды,ұлы ақын. Махамбеттің от-жалынды,

кекті, намысты поэзиясы-азаматтық,бостандық рухымен суарылған,күрескер поэзия

үлгісі. Махамбет жырларының басты тақырыптағы,айтпақ идеясы өз өмірін арнаған

осы көтеріліс шындығымен,халықтың арман-тілегімен, Исатай батырдың ерлігін

дәріптеу,үлгі ету мақсатымен тығыз байланысып жатыр. Махамбет көтеріліс кезінде

өзінің рухты жырларымен халқының рухын көтеріп, оларды алға қарай жетелеген.

Тәуелсіздік жолында күрестің ең бірінші сатысын осы Махамбет пен Исатай қалаған

болатын.

Міне біздің тәуелсіз ел болуымыз үшін салынған баспалдақтар осы Жәнгір ханға қарсы

күрестен басталған болатын. Әлемде көптеген ұлттар бар,солардың ішінде қазақ

халқының бағы бар екен. Себебі кей халықтар жойылып кетудің азақ алдында тіпті

тәуелсіздіккеде қолдары жетпей басқалардың қол астында құл болып жүрген

халықтар да бар. Сондықтан қазақ халқына айтарым көп шалқая

бермей,тәуелсіздігімізді бағалап, сақтап қалуға тырысуымыз керек. Өздеріңіз

үшін болмаса да, өз елің, халқың,келер ұрпақтарыңыз үшін тәуелсіздігімізді сақтап

қалайықшы! Бұл менің халқыма айтқан тілегім әрі ішімдегі уайымым.

Тәуелсіздігіміз болмаса, біз қазір кімнің қолында құл болып кететінімізді кім

білсін, сол себептіде халқым тәуелсіздікті бағалайықшы! Алла тәуелсіздікті

бізге сый етіп беріп, бізді осыған лайық көрді. Ал біз ше? Біз не істеп жүрміз?

Алла сыйлаған осы сыйды бағаламай өз ойымызға не келсе соны істеп, тәуелсізбіз

ешкімге тәуелді емеспіз деп ойлап жүрміз. Шынында олай емес біз Аллаға

тәуелдіміз ол қаласа бәрін бір сәтте өзгерте алады. Тәуелсіздігімізді алып,

бізді басқаларға тәуелді етіп қоюы әбден мүмкін. Міне сондақтан да адамзат  Аллаға шүкіршілік етіп,тәуелсіздікті дұрыс

түсініп,бағала.»Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деп бабаларымыз бекер айтпаған

осыны дұрыс ұға білсең болды адамзат баласы!

Просмотров: 604


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст