Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.06.2017

Тұғырлы тәуелсіздікке – 25 жыл

 

Желтоқсанда соғып қыстың ызғары,

Қанды мұзда қанша жүрек сыздады.

Ел қамы үшін шыққан сол күн алаңға,

Азап шекті қайсар қазақ ұлдары мен қыздары.

 

Талай жанды өткенімен тоңдыра,

Талай гүлді кеткенімен солдыра,

Жөргегінде тұншықтырған Желтоқсан,

Еркіндікке салып кетті жолды да.

 

Көп күттірмей атты азаттық ақ таңы,

Жас мемлекет жаңа өмірге аттады.

Күллі әлеммен қиындықты еңсеріп,

Тіл табысты, тыныштығын сақтады.

 

Егемендік – ең қастерлі тірегі,

Бейбіт өмір болды елімнің тілегі.

Ширек ғасыр шиыр жолда шынығып,

Күл орнында күн сияқты түледі.

 

Ел таңдауы – Нұрсұлтандай дана адам,

Болашаққа биіктерден қараған.

Жар құлағы жастық көрмей ел үшін,

Жиырма бес жыл қазағымды таныта алды дарадан.

 

Бәрі қалып артта ауыр азаптың,

Жарқырайды аспанымда ғажап күн.

Көк байрағын желбіретіп көгінде,

Қыран құстай қалықтаған қазақпын!

 

***

 

Тәуелсіздік – қазағымның елдігі,

Тәуелсіздік – барлық ұлттың теңдігі.

Тәуелсіздік – елін, жерін қорғаған,

Ербол, Қайрат, Сәбира мен Ләззаттардың ерлігі.

 

Құтты болсын ұлы дүбір мереке!

Мықты болсын кең жайылған кереге!

Тату-тәтті елімізге бақ келіп,

Жиырма бес жыл бір жасаған бізбенен,

Арта берсін ортамызда береке!

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст