Тақырыбы: «Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім». мектепішілік «Мұқағали оқулары» байқауы
Мақсаты:
1. Мектеп оқушылары арасында М. Мақатаевтың шығармаларын
насихаттау;
2. Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін,
эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
3. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең
сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Түрі: Сайыс.
Көрнекілігі: Проектор, ноутбук, слайд,
суреттер, кітаптары, әндері, бейнебаяндар.
Барысы
Жүргізуші:
Үй тұрар шумақтарын қойсаң қалап,
Өлеңдері өзіндей жайсаң ғажап.
Азамат, ірі ақын боп, ұлы ақын
боп,
Қайта туған ұлыңды қарсы ал
қазақ!
Қайырлы күн, құрметті өлең сүйер, өнер сүйер
оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі мектеп оқушылары арасында өткелі отырған
Мұқағали Мақатаев оқуларына қош келдіңіздер!
Қарасаз, қара шалғын өлеңде
өстім,
Жыр жазсам, жұртым оған
елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді
ешкім!
– деп ақынның өзі жырлағандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де өшпей,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олай
болса, біз бүгін өздеріңізбен бірге қазақтың қара өлеңінің құдіретін ұғынған,
«поэзия» атты тұңғиық теңізде еркін жүзген, жауһар жырларын қазақ жастары
жанына жақын балаған, мәңгілік жырдың марғасқасы Мұқағали Мақатаевтың әлеміне
сапар шеккелі отырмыз.
Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің
Бір түйір жерге түскен тамшым едің
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Артымда қалсын жерім, қалсын елім.
Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні сенің қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Жоғалтпаса болғаны ұрпағымды,
- деген екен. Ақынның жырын жырлап отырған ұрпағы – мына біздерміз. Мәңгілікке тот баспайтын асыл жырларын келер ұрпаққа жеткізетін де – өзіміз. Ендеше, бүгінгі жыр додасы Мұқағали сынды өр ақынға арналмақ.
Бүгінгі Мұқағали оқуларының басты мақсаты мен міндеттері:
- Мектеп оқушылары арасында М. Мақатаевтың шығармаларын насихаттау;
- Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума – талант, табиғи дарындарын анықтау.
- Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөздің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.
Мұқағали оқуларының шарттары:
1. «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. (5-10 балл)
2. «Өлеңмен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша оның тақырыптық мазмұнын ашады, көркем ой кестесімен тақырыпты дамытады. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. (5-10 балл)
3. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарында үміткер берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты
пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал. (5-10 балл)
Мұқағали оқуларына қатысушы түлектерді таныстырып өтейін (Оқуға қатысатын барлық оқушы сахнаға көтеріледі).
Құрметті Мұқағали оқуына қатысушы түлектер барлығыңызға сәттілік тілейміз!
***
Бүгінгі жыр додасына төрелік жүргізетін сарапшы әділ-қазыларды таныстырып өтейін.
Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсың, мен де өсемін,
– деп болашағына сеніммен қараған еді ақиық ақын. Ендеше, байқаудың бірінші бөлімін «Менің пірім - Мұқағали» айдарын бастайық. Бұл бөлімде Мұқағали жырын жауқазын өрендер жатқа мәнерлеп оқып береді.
Әрі осы бөлімге «Өлеңмен өрілген ой» бөлімін жалғастырып кетеміз. Бұнда оқушы өзі оқыған өлеңді шартта берілгендей талдайды.
Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпен құбылар
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар,
- деп Қанипа ақын Мұқағали ақынды еске алған екен.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе?
Неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім.
Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
- деп ақын өзі жырлағандай, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» айдарына да келіп жеттік. Бұл кезеңде оқушылар берілген дайын ұйқасқа өлең құрайды. Қазылар алқасының үстелінен билет суырып, ондағы берілген ұйқасқа өлең жазып, әділ қазыларға бересіздер.
«Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы, өмірдегі табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның өлеңдері шын күйзелістен, шын қуаныштан, шын сағыныштан туған» – деп Тұманбай Молдағалиев баға берген.
Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
- деп жырлаған екен ақын өзі де.
Жыр додасы өз мәресіне жақындады әділ-қазылар өз шешімдерін шығарғанша біздер ақынның өз дауысымен оқыған өлеңдері мен әндерін тыңдай отырайық.
Құрметті халайық! Сараптама қорытындысы дайын
болса, сөз әділ қазылар алқасына беріледі.
Қорытынды:
Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып, егемен еліміздің аспанында азат даласында қыран құстай самғап ұшып жүр.
...
Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,
Еңбегінің қызығын да көре алмай.
От боп жанып өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңі-ай,
- деп Айтақын ақын жырлағандай, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.
Аманат бір өзіңе жырым - сырым,
Аманат Асан - жүрек жырым-жырым,
Жолсызбен жортамын деп,
Орта жолда
Жете алмай жетеріне жығылды ұлың,
О, менің Желпілдеген туырлығым!
-деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі болса биыл 85 жасқа толар еді. Жыл керуені алға жылыжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздардың қараңғы түн қойнауынан сәулесін шашқандай жарқырай, өркендей өсіп, айшықтыла түсуде. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Мұқағали оқуларының шарттары:
1. «Менің пірім - Мұқағали» айдарында – оқушы Мұқағалидің бір өлеңін ой кестесіне сай көркемдеп оқиды, жүріс – тұрыс мәдениеті, өзін сахнада ұстауы үлгілі дәрежеде болуы тиіс. (5-10 балл)
2. «Өлеңмен өрілген ой» айдарында үміткер Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша қазылар алқасының қойған
сұрақтарына жауап береді. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. (5-10 балл)
3. Берілген ұйқасқа өлең құрайды. Берілген дайын ұйқасты пайдалана отырып, тұжырымды, түйінді бір шумақ өлең
туғызу. Ол ұтымды, жұрт көңілінен шығардай болғаны абзал. (5-10 балл)
№ |
Аты-жөні |
Сыныбы |
№ 1 айдар |
№ 2 айдар |
№ 3 айдар |
Жалпы ұпай |
Орын |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
|
|
|
12 |
|
|
|
|
|
|
|
13 |
|
|
|
|
|
|
|
14 |
|
|
|
|
|
|
|
15 |
|
|
|
|
|
|
|
16 |
|
|
|
|
|
|
|
17 |
|
|
|
|
|
|
|
18 |
|
|
|
|
|
|
|
19 |
|
|
|
|
|
|
|
20 |
|
|
|
|
|
|
|
21 |
|
|
|
|
|
|
|
22 |
|
|
|
|
|
|
|
23 |
|
|
|
|
|
|
|
24 |
|
|
|
|
|
|
|
25 |
|
|
|
|
|
|
|
Әділқазы: _____________________
__________________________________________________________ кеспе, көкем,
__________________________________________________________ бесте ме екен?
_____________________________________________________________________,
__________________________________________________________ өскен екен.
__________________________________________________________ есіңде енді,
__________________________________________________________ досың мейлі.
____________________________________________________________________,
__________________________________________________________ кешірмейді.
__________________________________________________________ аласарып,
__________________________________________________________ тамаша ғып.
____________________________________________________________________,
__________________________________________________________ таласа алып.
__________________________________________________________ жасымағын,
__________________________________________________________ ашыламын.
____________________________________________________________________,
__________________________________________________________ басыламын.
__________________________________________________________ аласасын,
__________________________________________________________ таласасың.
____________________________________________________________________,
__________________________________________________________ баласа шын.