«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық
Бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында наурыздың 4-5 күндері «Мәңгілік ел- Қазақстан!» тақырыбында ғылыми
конференция- өнер байқауы өтті. Іс-шараға отанымыздың барлық аумақтарынан жалпы
саны 60 оқушы қатысты.
Аталған халықаралық деңгейдегі
іс-шараға №10 Фарфоровый орта мектебінен
9 «А» сынып оқушысы Искакова
Гүлім Айдосқызы және оның жетекішісі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Батабекова Гулбакирам Жайдархановна «Абайтану, әдебиеттану» бағыты бойынша
«Абай Құнанбаев пен Н.Ә.Назарбаев тағылымдарының сабақтастығы» тақырыбындағы
ғылыми-зерттеу жобасымен қатысты.
Алматы қаласында орналасқан
республикалық жоғары оқу орындарының профессорларынан тұратын қазылар алқасы
жобаның ерекшелігі мен тереңдігін бағалай отырып, оқушының портфолиосына да
жоғары баға берді.
Жоба ғылыми жобалар бағытында өткен
конференцияда жүлделі 1 орынға ие болды.