«Бала өмірге келмей жатып ананың
құрсағында жатқаннан бастап тәрбиеленеді» деген бала тәрбиесіне байланысты
айтылған сөздің астарында көп ой жатқан сияқты.Кейбіреулер баланы өмірге келген
күннен бастап, енді біреулері бір жастан бастап тәрбиелеу керек деп жатады. Осы
айтылған сөздердің қайсында болмасын шындық бар сияқты.
Үштілділік оқыту – жас ұрпақтың білім
кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз
қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күні ең басты қажеттілік.
Көптілділік тұжырымдамасы ҚР-дағы
білім беру дамуының негізгі стратегиялық бағыты ретінде ҚР Президенті Н.Ә
назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында 2006 жылгы қазанның 23 дегі Қазақстан
халқының Ассамблеясында аталып өтілді. Президент өз сөзінде ең кем дегенде үш
тілді еркін меңгерген көптілді, көпмәдениетті тұлғаның негізгі моделін ұсынды: қазақ тілі-мемлекеттік , орыс
тілі-халықаралық қатынас тілі, және ағылшын тілі – әлемдік тілдердің бірі. Егеменді еліміздің шапшаң дамып
келе жатқан халықаралық қатынастары, халықаралық сауда – саттық нарығы да көп
тіл білуді қажет етеді.
Үш тілде оқыту заман талабы. Үштілділік – Қазақстан жастарының
парасатты әлеуметінің даму факторы.
Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне
сай қызмет етуін қамтамасыз ету – өте күрделі мәселе.
"Достық"жазғы лагрінде әр
түрлі жастағы балалар бар және орыс қазақ аралас, оларға үш тілде
түсіндіремін мысалға жануарлар тақырыбы
болса қасқыр, волк,wolf деп үш тілде айтамын. нолевой мен бірінші сынып оқыған
оқушыларға ағылшын тілін қайталап әріптерді айту, тақпақ жаттау оңайға соғады ,
ал бұданда кіші балаларға әріптерді жазып айту қиын сондықтан оларға әріптерді
боятып қайта қайта қайталап айтқызамын.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға
қазір бес тіл болсын, он тіл болсын, жақсылап үйретсе, меңгеріп кетеді.
Балаларды бір тілмен шектеу – дұрыс емес. Сол үшін, ең болмағанда, үштілділікті
кішкентай жасынан бастап жетілдіруіміз керек. Балалар
тілді табиғи түрде тез меңгереді. Қазргі балаларға білім алуға барлық жағдай
жасалынған. Олар бүгін жақсы оқыса, көптілді меңгерсе, келешекте
Қазақстанымыздың өркениетті дамуына өз үлестерін қосады, дүниежүзін шарлайды.
Үш тілді емес, одан да көп тіл үйретуіміз керек. Мен бұл жерде қазақ тілін
қазақтар білмесін деп отырған жоқпын. Әрине, балабақшадан бастап қазақ тілін
үйретуге тиіспіз. Әрине қазақ тілін үйрету керек, ол бірінші орында болсын.
Бірақ сонымен бірге, орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тілін балаларға үйретуге
тиіспіз. Болашақта біздің балаларымыз басқа елдің адамдарымен қатынас жасай алу
үшін біз оларға жас кезінен бастап өз тілін ғана меңгермей басқа да тілдерді
меңгеруге мүмкіндік жасауымыз керек.
Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында біздің
бала бақшаның балалардың ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс,
ағылшын тілдерін жетік білуге баули отырып, еске сақтау, мінерлеп оқу, әдемі
сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруының мақсатына қойып жатыр. Өз, тілдерімен
қоса өзге де тілдерді бағалай білуге баулу.
Бүгінгі таңда тіл саясатында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.
Атап айтқанда, біздің бала бақшада барлық топтарда орыс тілі мен ағылшын
тілдері жүргізіледі. Мен осы бала бақшада орыс тілі мұғалімі болып қызмет
атқарамын. Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын, қабылдау қабілетін,
зейінін тұрақтандыруға, аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған көмек құралы
ретінде ойындар қолданамын. Мысалы: 1.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар. Олар: «Төрт құбылыс» Балалар шеңбермен тұрады.
Жүргізуші «су» десе қоладын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от»
дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса
ойыннан шығарылады. «Көңілді
шеңбер» балалар шеңбер жасап
отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде көздерін жұмады.
Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл,
орамал, көзілдірік т.с.с). балалар көздерін ашқанда «Не өзгерді?» деп сұрайды.
Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. «Орныңды
тап», «Ойыншықты сипатта», «Сөзді есіңе сақта». 2.Қиялын дамытуға арналған
ойындар «МЕнің көңіл –күйім қандай?» балалар
өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып атайды (көңілді, көңілсіз,
ренжулі, қорқынышты) «Жаңа ертегі». 3.
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар. «Ине мен жіп», «Бұл қашан
болады», «Не үлкен?», «Сиқырлы қапшық» 4. Зейінді тұрақтандыруға прналған
ойындар. «Менжеңімпазбын»,«Құлақ-мұрын», «Өз орыңды тап», «Дайын бол»
балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді
іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян-секіреді, құс-ұшады.т.с.с.5. Шапшандықты
дамытуға арналған ойындар. «Тапшы кімнің дауысы?» осы ойынға көз байлайтын орамал
керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойын басқарушы бір баланы шеңбер
бойымен қатарда тұрған балалардың ортасына алып шығып, оның көзін байлайды. Осы
кезде барлық ойыншылар хормен: Секір-секір деген кім,тауып ал да өзің кеп, сол
орынға тұра ғой»деп шеңберді қозғалып тұрады. Хор айтылып біткен соң ойын
басқарушы белгілеген бала «Секір-секір»дейді. Баланың көзін шешеді. Ол «секір»
деп айтқан баланы табу керек.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен
де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не
нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала
боындағы қандайда бір өнердің, шығармашылықтың бастауы деп білемін.
Үштілділік – қоғамды топтастыратын таңғажайып мүмкіндік. ҚР
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында 2020жылға
балалардың мектепке білім алуға дайындығының жоғары болуын қалыптастыру оларды
жастай оқуды әлеуметтенуін қамтамасыз ету деген міндеттер қойылған.
Сонымен, әр білім беретін, балаларды тәрбиелейтін мекеменің
басты міндеті – Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу болуы тиіс. Сондықтан
кішкентай жасынан бастап, балабақшаға келген күндерінен бастап балалардың шетел
және басқа тілдеріне қызығушылықтарын арттырып, үштілділік арқылы тәрбиелеу керек.