Ұзақ өмір сүрудің құпиясы
Өмір-табиғаттың адам баласына
берген ең үлкен сыйы. Ғалымдар
ұзақ жасаудыі сырын зерттей келе, адамның 200-300 жыл өмір сүре алатындығын
айтуда. Алайда, өмірде болып жататын қиындықтар біздің ағзамызды шаршатып,
жасушаладың «өлуіне» әкеп соғады. Оның ішінде экологияның экологияның тигізетін
орасан әсерлері бар.
Әркім өз өміріне дұрыс қараған
жағдайда ғана оны ұзарта алады. Адам әрқашанда ұзақ әрі жақсы өмір сүруге талпынып
келеді. Алайда, жылдар өте адам бойындағы биолгиялық функциялар төмендей
бастады.
Қытай медицинасында мынадай мысал кездеседі. 1795 жылы
Жапония астанасы Токиоға бірінші министрдің шақыруымен 193 жастағы қарт шаруа
Мамиэ келеді. Министр одан ұзақ жасаудың сырын сұрайды. Сонда ол: «Өз
аталарымнан ұзақ жасаудың құпиясын үйрендім. Соны өмір бойы қолданып
келемін»,-дейді қарт.
-Біз
жанұямызбен екі айда бір, яғни айдың алғашқы сегіз күнінде аяғымыздағы
«Цзу-Сон-Ли нүктесін күйдіреміз». Осының нәтижесінде кемпірім 173-те, үлым
153-те, ал немерем 105-ке келді. Сол кезде министр қартты құрметпен күтіп,
қонақ етеді әрі сый-сияпат беріп, шығарып салады.
Арада 48 жыл өткенде Мамиэ Токиоға қайта келіпті.
Сонда ол 241 жаста еді. Ал кемпірі 221-де, ұлы 201-де, немересі 153-те, оның
әйелі 138-де екен. Солардың ешқайсысы да қалжыраңқы немесе ашушаң болып
көрінбеген. Оның айтуы бойынша, адам бойындағы «Цзу-Сон-Ли» нүктесі-үзақ жасау
нүктесі болып табылады. Бұл нүкте тізе көзінің астында орналасқан. Мұны анықтау
үшін алақаныңызбен тізеңізді жапсаңыз, шынашағыңыз бен ортаңғы саусағыңыздың
бастары аралығында екендігі айтылған.
Айдың алғашқы күндері нүктені
30 минут бойы арнайы дайындалған шылыммен күйдіреді. Шылымның орнына
сарымсақты қолдануға болады. Жаңғақтың бір бетіне үккіштен өткен сарымсақты толтырып, айтылған нүктеге
қояды. Соны аяғыңыз күйіп, қызғанша ұстайсыз. Жасарту әдісі ағза үшін жаңа
тыныс жолдарын ашады.
Ұзақ өмір сүрудің көптеген жолдары, әркім өз бетінше
түсіндіретін әдіс-тәсілдері бар, көп жағдайда ол – дұрыс тамақтану, қозғалыс,
әрбір күнді дұрыс режимде өткізу және ерекше назар аударуды қажет ететін басқа
да жағдайлармен толығып жатады. Әрине, қандай жағдайда да бұлардың бәрін
тұрақты түрде қолдану ғана тамаша нәтиже беретінін ұмытпаңыз.
1) Зиянды
әдеттерден – темекі шегуден, спиртті ішімдіктер ішуден, тым қатты тойып тамақ
ішуден бас тартыңыз.
2) Күн сайын
отыз минут таза ауада серуендеу адамның денсаулығын жақсартуға сеп болады.
3) Денені
шынықтыру ағзаны сергітеді, бұлшық еттерді, сүйектерді, жүрек тамырларын,
жүйке, иммунитетті және ағзаның барлық жүйелерін нығайтады. Дене шынықтыру
жаттығулары кезінде ойлау, есте сақтау қабілеттері артады. Сонымен қатар,
көңіл-күй көтеріледі. Сондай-ақ, суға түсу, моншаға бару артық салмақты бір
сәтте-ақ жояды.
4) Әр күн
сайын шоколадтың кішкентай ғана бөлігін жеу жақсы эмоцияларды арттырады.
Шоколадтың
бірнеше үлесі бір күнде жақсы эмоцияларды арттырып, адам өмірін 1,3 жылға
ұзартады.
5) Жаңа піскен
қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға да, әйел адамдарға да жас көріну
мүмкіндігін береді. Жаңа піскен қызанақ (соус түрінде де) ер адамдарға 1,9 жыл,
әйел адамдарға 0,8 жылға жас көріну мүмкіндігін береді.
6) Өсімдік,
зәйтүн, зығыр майлары тамырлардың икемді жұмыс істеуін қолдап қана қоймай,
бауырдың өтті дұрыс өңдеуіне және ағзадан зат алмасу өнімдерін бөлуге көмек
береді.
7) Күн сайын
мүмкіндігінше көбірек түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға дәрумендер беріп,
қуатыңызды арттырады. Күн сайын 5 түрлі жеміс жеңіздер. Жемістер ағзаға
дәрумендер беріп, энергетиканы арттырады.
8) Пісірілген,
бұқтырылған немесе буға пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз
балығын аптасына 2-3 рет жеуге тырысыңыз. Пісірілген, бұқтырылған немесе буға
пісірілген балық, мүмкіндігінше экологиялық таза теңіз балығын аптасына 2-3 рет
жеу адам өмірін 3 жылға ұзартады.
9) Бірдей
көлемде араластырылған дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі фолий
қышқылы сіздің саулығыңызға өте пайдалы. Бірдей көлемде араластырылған
дәрумендер өмір жасын ұзартады. Дәрумендердің құрамындағы немесе жеке түрдегі
фолий қышқылы сіздің жасыңызға тағы да 1,2 жыл қосады екен.
10) Дұрыс,
мағыналы күлкі, көңілге тимейтін әзілді де ұмытпаңыз. Күлкі, жағымды, сәнді
әзілдің адам өсіміне тағы да 8 жыл қосатынын ұмытпаңыз.
11) Құрамында
кальцийі басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт, сыр, сүт) – сүйегіңізді
бекітеді. Кальций және құрамында ол басым болатын тамақтар (ірімшік, йогурт,
сыр, сүт) – шамамен бір жыл қосады.
12) Ауыз
қуысын тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару – денсаулық
кепілі.
Ауыз қуысын
тәртіпте ұстап, әр жарты жыл сайын тіс дәрігеріне бару сіздің өміріңізге тағы
да 6,4 жыл қосады.
13) Дұрыс ұйқы
– салауаттты өмірдің бір салты. Салауатты түс – әйелдердің өміріне 7 сағат, ал
ерлердің өміріне 8 сағат қосып, сіздердің өмірлеріңіз тағы да 3-12 жылға
ұзарады.
14) Орташа
салмақты ұстаңыз. Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше минут дене
шынықтырумен айналысыңыз. Жаттығу барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт
азайып кететін бойдың өсу гармоны еркін қозғалысқа түседі. Орташа салмақты
ұстау Сізге тағы да 6 жылға дейін өмір қосады. Қозғалыс жасаңыз. Күніне бірнеше
минут қана дене шынықтырумен айналыссаңыз да өміріңіз ұзарады. Жаттығу
барысында 30 жастан кейін өндірілуі күрт азайып кететін бойдың өсу гармоны
еркін қозғалысқа түседі.
15) Жақсы
адамдармен жақын болыңыз. Табиғат аясына көбірек шығыңыз. Бұл сіздің жан
сарайыңызды ашады.
Жақсы
адамдармен, табиғатпен, жануарлармен араласып, олармен сырласа біліңіз. Бұл
сіздің жан сарайыңызды ашады.
16) Қандай
жағдай болса да түңілмеңіз. Оптимистер пессимистерге қарағанда айтарлықтай ұзақ
өмір сүреді, бұл ғылыми тұрғыда расталған. Қиын сәттерде өз өміріңіздің
қуанышты сәттерін, бақытты кездерін, есіңізге түсіріңіз, шүкірлік етіңіз. Бұл
өмір сүруге деген құштарлығыңызды арттырып, ренжіткен адамдарды кешіруге
көмектеседі.
Миды жұмыс
істетіңіз. Кроссвордтар шешіңіз, көп оқыңыз, шет тілдерін оқыңыз. Миды белсенді
жұмыс істеуге мәжбүрлесеңіз, тек қана ақыл емес, сонымен бірге жүрек қызметін,
қан айналымы жүйесін, зат алмасу барысын жақсартасыз.
Әрбір адам бұ
жарық дүниенің бес күндік қызығына тоймай, ұзақ өмір сүруді қалайды.
Бірақ Алла Тағаланың қалауы ерте ме, кеш пе әйтеуір пендесін о
дүниелік етеді. Дегенмен, адам әрекеті өз ғұмыр-жасын ұзартуға да мүмкіндігі
бар екен. Соны негізге алсақ, тек пайдалана білсек, бәлкім
ұзақ өмір сүріп те қалуымыз да мүмкін.
-Адамның өмір
жасының ұзақ болуы екі нәрсеге байланысты. Біріншісі - тұқым
қуалайтындығы. Егер ата-бабасы көп жасаған болса, оның тұқымының да 80-ге
дейін, тіпті одан да көп өмір сүруі мүмкін. Екіншісі - сыртқы құбылыс,
яғни, біздің өмір сүру салтымыз. Бұған бірқатар зерттеу жұмыстары дәлел.
Мәселен, күніне сіз екі бума сигарет тартатын болсаңыз, бір минут тартқан
темекіңізге бір минут өміріңізді қияды екенсіз. Сөйтіп темекі тартпаған
адамға қарағанда сіз өміріңіздің 8,3 жылынан айрылған болып шығасыз.
өкпе, қолқа және тіл рагына ұшырағандардың 95 пайызы темекі тартатындар болып
отыр. Ал ішімдікке салынғандар жүрек, асқазан, қан қысымы мен қан бұзылуы,
демікпе, жүйке, т.б. ауруларға ұшырайтыны анықталды. Тамақты
дұрыс ішпеу де адамның өмір жасын шамамен 5-7 жылға
қысқартады. Толық адамдар салмағы өзіне лайық адамдарға
қарағанда жүрек қабынуы, денесі тартылып қалатын ауруларға 3,5 есе
жиірек шалдығатыны белгілі, - дейді медицина ғылымының доқторы А.
Чкалин.
Ал медицина
ғылымының докторы Ю. Григоров болса:
-
Хайуанаттарға жасалған тәжірибелер көрсетіп отырғандай. адам өмірін
ұзартатын ондаған азықтық заттар қазірдің өзінде белгілі
болып отыр. Оған қызыл бұрышты да жатқызуға
болады. Қызыл бұрыш зат алмасуын қалыпқа
түсіріп, қан қысымын азайтады, ішек микрофлорасын жақсартып,
қартайғанда шығатын ауру түрін тежейді.
Ең
алдымен, тамақтың түр-түрін көбейтудің маңызы зор. Хлостерні
мол, майлы қышқылы көп тамақтан бас тартуға
болмайды, тек оны шектеу қажет. Өйткені кез-келген
тамақта кері әсерін тигізетін заттар болады.
Өсімдік және
мал өнімдерінен қосып жасалған тамақтың, әсіресе сүттің
пайдасы зор. Күніне 4 рет тамақтану қажет,
ем ретінде айран ішкен жөн. Ол тозған
организімнің қуат беретін заттарды бойға сіңіруге көмектеседі,
әйтпесе тамақ етке жиналады.
Ғалымдардың
тағы бір тапқан амалы өмірде көп жаяу жүрген адамды
өмір жасы ұзақ болады екен. Кейбір дерек көздеріне қарағанда ерлер
үшін көп әйел алу да адам өмірін ұзарта алатыны айтылған. Бұның тоқ етері
адамның қан айналымы мен көңіл күйінің дұрыстығы көп жасауға жетелейді.
Ұлы биолог
И.И.Мечников адам организмі ішкі резервтерінің сарқылмас мол екенін
айта келіп, былай деген болатын: «150 жастың бұрынғы өлім күштеп
өлтірумен тең. Егер адам 70 жасында қайтыс болса, мұның өзі өмір
сүру дағдысын дұрыс жүргізбегендігін, адам организімінің сақтаушы
қорғаушы күш-жігерін жетілдіруге, дамытуға және бейімделу қабілетін арттыруға
жағдай жасамағанын, қайта оларды әлсіретуге және шектелуге
алып баратын жағдайда өмір сүргенін көрсетеді».
Өз көңіл
күйіңіз өз қолыңызда. Еңсені түсірмей езу тартып, шат-шадыман
жүруімізге әбден болады екен. Тек ол үшін жұмыстан кейін мына процедураларды
жасауды естен шығармау керек:
1. 5 минут
сарқырама (душ) астында тұрыңыз. Суды бірте-бірте салқындата
аяқтайсыз. Таза шытқа (төсек жаймаға) оранып 10 минуттай
еркін тыныс алып жатыңыз. Аяғыңыз 3-5 минуттай массаж
жасап беретін кісі табылса, тіпті жарар еді. Осы
уақытта дәкені жылы, салқын шайға малып,
көзіңізге басып және 5 минуттай жата түсіңіз. өзіңізді
жеңіл сезініп, бет-әлпетіңізге әр кіреді.
Жұмыстан кейін
15-20 минуттай уақытыңызды бөліп демала білу, денсаулықты ұзақ
жылдарға сақтай алуға мүмкіндік туғызады.
2. Су ваннасын
қабылдау да шығындалған күшті қалпына келтіреді. Суға 2 л.
хвой экстратын қосасыз. Шалқайып жатқан қалпы
аяқтарыңызды ысқышпен 3 минуттай мұқият массаж жасаңыз.
Орныңыздан түрегеліп, 5-7 минуттай денеңіздің басқа
мүшелеріне де көңіл аударып болған соң 1 минуттай тынығыңыз. Десек те,
бүгінгідей дамыған қоғамда уақытты дұрыс пайдаланып, арақ
ішпей, темекі шекпей жүрсек те жетіп жатыр. Көбіне дәрігер
кеңесіне жүгініп ас тағамдарын ішіп-жегенде де абай
болған жөн. Қалай болғанда да әрбір істе адамнан әрекет
болса, ол зор денсаулық пен ұзақ ғұмырдың негізі болары анық.
Интернет беттерінен алып іріктеген
Хурмет Дауренбек