Эссе. Мұғалім мамандығындағы менің парызы
Алла тағала адам баласына басқа тіршілік иелерінен өзгеше сыйды, ой мен сананы,
тілді берді. Жарық дүниеге шыр етіп келген әр бір адам баласы анасының
мейірімінен нәр алып ұлғаяды. Анасы бала үшін бәрінен де қымбатты, аяулы.
Ананың аялы алақанында алаңсыз жүрген сәби балабақша табалдырығынан аттаған
күні өзін қорғаусыз жалғыз қалғандай сезініп, анасына жеткісі келіп асығады.
Күндер өткен сайын айналасында анасы сияқты мейірімді жандардың бар екендігіне
иланып, көңілі шаттанады. Періштедей пәк баланың өмірінде ананың орнын ешкім де
баса алмайтындығы сөзсіз. Бірақ анасымен қатар өмірдің бұрылысы мен
қақтығысында қапыда қалмау үшін оған әрдайым қол ұшын созып, тура жолға бағыттауды
көздеген, жақсылық нұрын таратуға үлесін қосуға атсалысып жүрген кереметтей
мамандық иелері бар. Осындай қымбатты мамандық иесі ол - мұғалім. Әлі күнге
дейін жан дүнием сонау балалық шағымның балғын кездеріне әр күні саяхат жасап
келетін секілді. Өйткені мен өзімнің бар жан - тәніммен қалап таңдаған дене
шынықтыру пәні мұғалімімін.
Оқушы
тұлғасының қалыптасуы мен дамуы қарқынды жүретін және салауатты өмір салтын
ұстануға баулитын денсаулық кепілі бұл дене шынықтыру болып табылады. Кейбірі
балабақшадан, кейбірі дайындық сатысынан, ал кейбірі әже мен атаның құшағынан,
кейбірі ата - анасының жалғыз еркесі болып мектепке бастауыш сатысының алғашқы
баспалдағы бірінші сыныпқа келеді. Сол күннен бастап оқушы мәртебесіне ие болып
дене шынықтыру сабағы өткізіле бастайды. Алғашқы рет қолына әліппе кітабын
ұстап, қызығу мен таңдану аралас сәби саусақтарымен парақтап ашады, қолына
қаламын алып ақ қағаздың бетіне әріп жазады. Бүл күндегі сарыауыз оң- солын
танымайтын бүлдіршіндердің оқушы партасына қалай отыруын, дене мүсінін дұрыс
қалыптастыру сымбаттылық, дені сау ел болашағы жан дүниесі таза денсаулығы мықты ұрпақ ел болашағы екендіктерін түсіндіре отырып денсаулық
жағдайына мән бергізетін бұл дене шынықтыру сабағы деп білем. Мұғалім не дер екен,
бізге не айтар екен деген сұрақты әр баланың жүзінен оқуға болады. Оларға
үйрете жүріп өзің де үйренесің, себебі әр баланы таныған сайын, оның жан
әлеміне жақындаған сайын бір жаңалық ашқандай боласың. Бізде кейбіреулер бала
деген осы ғой, олардың бәрі бірдей деп жатады. Дұрыс бала ойынға, айналасындағы
нәрсенің не екендігін білуге ынтық болуымен ұқсайды, бірақ қабылдау мен жан
дүниесі ешқашан бірін - бірі қайталамайды, ұқсамайды. Еңбек етіп келе жатқан
осы жылдар ішінде оқытып тәрбиелеген оқушыларымның ішінде ұқсастық немесе қайталау
көрген емеспін. Сыныпта 10-15 оқушы болса, осылардың ішінен біреуі өте жай
қабылдайтын,біруі спортқа өте жақын тіпті спорт залдан шыққысы келмесе, кейбірі
спортқа икемділігі төмен қатысқысы келмей, біреулерінің отбасында баланың
біліміне қарауға шамасы жоқ ата - аналар кездеседі.
Сол баланың ата -
анасымен жиі қарым - қатынас жасау, бағыт - бағдар берумен оқушыны дұрыс білім
алуға бағыттайсың. Балалардың дарындылығын, қай спортқа икемділігін немесе
қандай ойынға қызығушылығы басым екендігін анықтауда дене шынықтыру пәні мұғалімдері
зор белсенділік танытулары керек. Егер де мұғалім осынау қызығынан қиындығы
асып түсетін жұмысын шын жүректен атқара алмаса жанар шоқты жанбай жатып
сөндіріп алады, өсетін спортшыны өшіреді деуге әбден болады. Өз жұмысым
барысынан айтар болсам, 70 оқушыға сабақ берем. Оқушыларымның ішінде
республикалық, обылыстық, аудандық жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленген
оқушыларым бар. Қандай әдісті таңдауға, қайтсем жақсы нәтижеге қол жеткізуге
болады деген ойлар тіпті де маза бермейтін. Таңдаған әдісім нәтиже бермеген
кездерде іштей өзімді кінәлап, қынжылатынмын. Қолданып жүрген әдістерімді
өзгертуге бел буып жаңа әдіс - тәсілдермен жұмыс жасаймын. Алдыма әр тоқсанда жетістікке
жетуім тиіс деген мақсат қойдым.
І тоқсанда әр түрлі
спорттық үйірмелерге қатысқан оқушыларға теориялық білім бере отырып түсініксіз
сөздерді толық жан -жақты сұрап спорттық терминдерді оқушыларға түсіндіру.
Сондай-ақ теорияны практикада қолдану. Ұлттық спорт ойындарын оқушыларыма
кеңінен дәріптеймін. Мысалға ала кететін
болсам ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақта көптеген есептер шығарамыз және ойлауды
көп қажет ететін спорт түрі болғандықтан логикалық және шапшаңдыққа қажетті
барлық теорияны қолданамыз. Осындай
жұмыстар нәтижесіз болған жоқ. Үйірмеге қатысқан оқушыларымның деңгейлері
жақсарып баспалдақтан баспалдаққа көтеріліп келе жатырмыз. Мұның айғағы
оқушыларымның жетістіктері деп білем. Ең бастысы сол балалардың спорт арқылы
жетістікке жетуіне себепші бола алдым. Оқушыларыма үміт отын, сенімділік дәнін
себе алсам ол мен үшін үлкен бақыт деп ойлаймын.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай
білім қажет» деген сөздеріне ой жүгіртсек, мұғалім мамандығындағы менің парызым
алдыма білім алуға келген әр баланың қолынан жетектеп өмір жолының дұрыс
бағытына салу, елімізді әлемге танытатын, салауатты өмір салтын ұстана алатын, ата
дәстүрді құрметтеген, ең бастысы Отанын сүйетін азаматты тәрбиелеу, осы жолда
еңбектену, іздену, мақсатқа жету...
Ал, көздеген мақсатқа жету менің қолымнан келеріне сенемін.