Мектеп бітіруші түлектерге!!!
12.06.2017 жылы біздің мектеп тағы да өз алақанында аялаған шәкірттеріне негізгі және орта мектеп бітіру аттестаттарын табыстады. Әрине осы сәтте шәкірттеріме тек жақсы тілек тілеп, алдағы арман мақсаттарына жетсе екен деген ниетте боларсың.
Қымбатты түлектерім!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар!
Шәкірттерім, алдағы үлкен сынды абыроймен өтіп, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар!
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілеймін!
Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі,
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!
Бірің - хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,
Мың дауыспен сайраған, о, өмірдің бұлбұлы!