04 қазан 2017 жылы мектепте гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің отырысы
өтті. Бірлестік жетекшісі Г.Ж.Батабекова жаңартылған бағдарлама бойынша жан-жақты
талқылау сұрақтарын қойып, пәнмұғалімдерінің осы кезге дейінгі жасаған жұмыстарындағы
жетістіктер мен қиыншылықтарға тоқталды. Сонымен қатар директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары А.К.Есбосынова «Жаңартылған ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының басым бағыттары»
тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында ҰБТ-ның соңғы бес жылдық тестілеу нәтижесінің
салыстырмалы динамикасына тоқталды. Пән мұғалімдерінің сапалы сабақ беруін, сабаққа аса дайындықпен
келуін ескертіп өтті.
Жалпы отырысты жетекші пайдалы да, қызықты етіп өткізді. Отырыс соңында мектепішілік
«Жас маман» атты байқауға қатысуға ұсыныс жасады. Олар:
1. Шынарбай Армангүл-психолог
2. Рахат Аршагүл-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
3. Амангелді Айнагүл-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
4. Байгелова Айнагүл-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
5. Хайрат Токтар-ағылшын тілі пәні мұғалімі.