Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.11.2017

Мен және менің полициям

Қазан айының 16-20- күні аралығында «Мен және менің полициям» атты

Республикалық акция жүргізілді.  № 10 орта мектебінде осы апталыққа орай  жоспар

құрылып әр күнде  ісшаралар  атқарылып отырды. 1-4 сынып аралығында  бастауыш сынып

мұғалімі Ашім Алмагүлдің  жүргізген «Сен құқығыңды білесің бе?» атты

сыныптан тыс тәрбие сағатына оқушылар белесене ат салысты, бастауыш сынып

оқушыларын мектеп жарғысымен таныстырып, тәртіп пен талап бірге жүретіндігі

таныстырылып өтті. Дәп осындай сыныптан 

тыс шара «Ты знаешь свои права?» тақырыбында орыс тіліндегі сыныптарда

да жүргізіліп, бастауыш сыныбы  мұғалімі И.А. Нигматулинаның жүргізуімен

ойын түрінде өте көңілді өтті.  Қазанның 18- күні  Максимовка ауылдық округінің

полиция қызметкері Кикимов А.Р пен Максимовка ауылдық округінің қоғамдық

инспекторы Столярова Н.П 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу

барысында оқушылардың құқығы жайында және де оқушының атқаратын міндеттері

жайында ақпарат берді.  «Жол ережесін біл де сақ жүр!»

атты ЮИД мүшелерінің бастауыш сыныпқа арналып қойылған қойылымы өте әсерлі

болды. Бүлдіршіндер эрудит боп тұрған 8 сынып оқушысы Төрехан Ерқанатқа

сұрақтар қойып, пікір алмасты. Апталықтың соңғы күні «Қауіпсіздік ережелері»

туралы 5-11 сынып аралығында бейнелеу өнерінің маманы  Жусупов А.К. слайд

дайындап, баяндама оқыды. Бұл апталықтың бізге берген тәрбиесі, өнегесі мен

көмегі мол болды. Болашақ өскелең ұрпақтарымыздың алда болатын небір

кедергілерден сақтанып жүруіне, өз құқын білуіне ықпал жасадық. Қазақстандық

әр азамат өз міндеті мен құқын білу керек.

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст