Текст
Мектебімізде 18 қараша күні 5 пен 11 сынып оқушылары арасында Жайдарман көңілділер мен тапқырлар сайысы өтті. Жайдарман көңілділер мен тапқырлар сайысы "Жұлдыздар әлемі" тақырыбымен аталып, үш кезеңнен тұрды: 1 кезең - таныстыру, 2 кезең - жұлдыздарға пародия, 3 кезең - үй тапсырмасы, еркін тақырып. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша 3 орынды - 7 "А" сынып, 2 орынды -5 "А" сынып, 1 орынды- 8"А" сынып иеленсе, бас жүлдені 9"А" cынып жеңіп алды. Жайдарман көңілділер мен тапқырлар сайысы өте көңілді, әсерлі өтті және де оқушылар жақсы дайындықпен, белсене қатысты.