Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

21.11.2017

                                 « Отбасы  шағын мемлекет!»

      Адам ең алғаш дүние есігін ашқаннан бастап «Отбасы» деген шағын мемлектте

тәлім-тәрбие алып, өмірге деген көзқарасы дами бастайды. Көп жағдайда тәрбие

адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады деп те ойлаймын.

      Фарфоровый ауылы № 10 орта мектебінде 5-11 қыркүйек күндері “Отбасы –бақыт мекені!»

атты апталық жүруіне байланысты 1-11 сыныптар аралығында  тәрбие сағаттары  өткізілді.

Оқушыларға отбасындағы жақсы тәрбиенің маңызын түсіндіріп, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер 

арқылы отбасындағы құндылықтарды бойына сіңіру мақсатында  9 «А» сыныбында

«Менің отбасым!» атты сынып сағаты болып өтті. «Бойымдай бой табылса да, ойымдай

ой табылмас»,- дегендей сыныпсағатында оқушылар отбасы құндылықтары, отбасы мүшелері

туралы ойларын ортаға салып,  жақсы  әңгімелеп беріп қана қоймай, ән орындап, өлең

шығарып, постер қорғау арқылы өз ойларымен бөлісіп,  жақсы нақыл сөздермен  ойларын 

ашық жеткізе білді. Отбасы ол сыйластық, жарастық орнаған орта,

кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» демекші, отанды сүю де отбасынан

басталатыны рас! Өйткені бала тәрбиесіндегі ең алғашқы ұстаз ол –  әрине, ата – ана болса,

оқу мен білімге үйрететін – мектеп. Ендеше «Оқымаған бір бала, оқыса екі бала» деп атам

қазақ айтқандай, ойы ұшқыр, мәдениетті, саналы ұрпақтарымыз көп болсын.

 

              Тарих пәні мұғалімі Дуйсенова Айгүл Қайсарқызы

 

Просмотров: 721


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст