Біз әлеуметтік желідеміз

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

14.12.2017

№10

орта мектепте өткен Тарих апталығының қорытынды есебі

 

  4 желтоқсан күні тарих апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықтың жоспары оқушылар мен сынып жетекшілеріне таныстырылды. 1 – 11 сынып оқушыларын апталыққа атсалысуға шақырылды.

4 желтоқсан күні сағат 15 : 00 де тарих кабинетінде «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбымен 5 – 11 сынып оқушылары аралығында қабырға газеттерін шығару жұмысы жүргізілді.

Іс – шараға 5 «А» сыныбы, 6 «А» сыныбы, 8 «А» сыныбы, 10 «А» сыныбы, 11 «А» сыныбы қатысты. Сынып оқушыларымен бірге іс – шараға қатысқан мұғалімдер Батабекова Г.Ж, Шынарбай А болды. Қатыспады: 5 «Б» класс, 7 «Б» класс, 9 «Б» класс, 9 «А» сыныбы, 7 «А» сыныбы

 

3 сабақта  9 «Б», 11 «Б» сыныптарында «Холод декабря 1986 года»  тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушылар 1986 жылғы оқиға туралы презентация тамашалап, дәріс алды.

5 желтоқсан күні Батабекова Г.Ж ұйымдастыруымен 5 а сыныпта «Мықты достық»  сынып сағаты өткізілді. Оқушылар екі тілде сабаққа қатынасты. «Вместе весело шагать по простором» әнін жақсы әуенмен орындады. Сынып сағаты жоғары деңгейде өткізілді.

5 желтоқсан күні 5 , 6 , 7 сынып оқушылары арасында «Бәйге» спорттық сайыс өткізілді. Спорттық ойындарды апталық жетекшісі тарих пәні мұғалімі Нұрахмет А.К және 11 «А» сынып оқушылары ұйымдастырды. Сайысты тамашалауға мектеп оқушылары мен тәрбие – ісі меңгерушісі Нурахметова Қ.К, бастауыш сынып мұғалімі Шынәлі Л келді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

1 кезең. «Көртышқан» ойыны. Ойынның мақсаты: сайысқа қатысушы оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, жылдамдығын анықтау.

Ойынға қатысушылардың көздері байлаулы күйінде еденде шашылып жатқан ұсақ ойыншықтарды жинап, өздерінің каробкаларына жинау керек болды.жеңімпаз жиналған ойыншықтар санымен анықталды. Әр оқушы 2 минуттан сайысқа қатысты.Ойынның өтуіне жалпы 10 минут уақыт жұмсалды.

5 «А»

6 «А»

7 «А»

9

12

9

2 кезең. «Кім мерген?» ойыны. Ойынның мақсаты: сайысқа қатысушылардың арасынан ең епті, нысанаға дәл тигізушіні

анықтау

Ойынға қатысушылар васкетбол добын кольцоға дәлдеп салу шарты болды. Кольцоға дәл түскен доп 1 ұпай болып есептелді. 5 сынып оқушылары Закен Саят және Мәлік Бекасыл өздерінің дәлдігімен ерекшеленді.

5 «А»

6 «А»

7 «А»

4

2

0

3 кезең. «Қосаяқ» ойыны

Ойынның мақсаты оқушылардың спорттық жаттығуды сауатты орындаулары және жылдамдықтарын анықтау. Ойынға қатысушылар қапты аяқтарына киіп, қосаяқтап мәреге дейін жетіп, қайтып келу болды.

5 «А»

6 «А»

7 «А»

5

10

15

4 кезең. «Мені түсін» ойыны. Бұл ойында топ басшысына наушник тағып тұрады ал топтың қалған қатысушылары оған сөздерді айтады. Топ басшысы сөзді дәл тауып, қайталап айтуы шарт.

5 «А»

6 «А»

7 «А»

10

1

4

5 кезең. «Арқан тартыс» оқушылардың күштерін анықтау. Топ болып жұмыла жұмыс жасауға үйрету.

5 «А»

6 «А»

7 «А»

ІІ орын

ІІІ орын

І орын

6 желтоқсан күні 5 «А» сынып оқушыларына дүниежүзі тарихы пәнінен Дүйсенова А.Қ ашық сабақ берді. Ашық сабаққа Рахат А, Есбосынова А қатысты.

Апталықтың жоспары бойынша Нұрахмет А.К. 10 – 11 сынып оқушылары арасында «Латын қарпіне көшу қажеп пе, қажет емес пе?» тақырыбымен пікірталас өткізді. Пікірсайысқа ұстаздардан мектеп директоры Қаржаубай Х.Т, оқу ісі меңгерушісі Есбосынова А.Қ, Хурмет Д, Қажымхан А, Шынарбай А, Амангелді Ж және 9 «А» сынып оқушылары қатысты.

6 желтоқсан күні Қазақстан тарихы пәнінен 6 «А» сынып оқушыларымен «Көшпелілердің мал шаруашылығы – тіршіліктің қацнар көзі» тақырыбында ашық сабақ бердім. Сабақта алдыма қойған мақсатыма толық жеттім. Оқушылар үй тапсырмаларын жақсы орындап келген, жаңа тақырыпты еркін, жақсы меңгерді.

Сабаққа мектеп директоры Қаржаубай Х.Т, Хурмет Д, Батабекова Г.Ж, Хайрат Т, Кешубай С, Рахат А қатысты.

7 желтоқсан күні № 10 орта мектепте «Рухани жаңғыру» айдарында тарих апталығының жоспары бойынша 9 «Б» сынып оқушыларына «Яркий представитель казахской  интеллигенции   Алихан Букейханов» тақырыбында қазақ зиялысы туралы мәліметтер беріліп, видео көрсетілді. Оқушылар ұлы тұлға туралы баға жетпес құнды ақпараттар алды. Танымдық сабақты ұйымдастырушы тарих пәні мұғалімі Нұрахмет Айнагүл Кәдірханқызы

8 желтоқсан күні «Ахмет Байтұрсынов» ақынның өмірі, шығармашылығы,еңбек жолы, тағдыры туралы бейнебаян 9 «А» сыныбына Дүйсенова А.Қ өткізді

Апталықтың жабылу салтанатты кеші сағ 12:50 де АКТ залында болды. 1-11 сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Кештің соңында белсенді оқушылар алғыс хаттармен және мадақтама қағаздармен марапатталды.

«Алтын таға» лоторея билеттері ойнатылды. 5-11 сынып оқушылары қатысты. Кешкі бимен жалғасты. Оқушылар сергіп,бой жазып қуанышты көңіл – күйлерімен сағат 9:10 тарасты.

Кешкі би барысында тәрбие – ісі меңгерушісі Нурахметова Қ.К, Хайрат Т, Рахат А, Дүйсенова А.Қ, Нұрахмет А.К кезекшілік атқарды.

Просмотров: 1531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст